Азия қызықтары
- 11.11.11
- Айдары Білгенге маржан, Қызық
- 3 пікір
Ең көп суицид жасайтын елдердің қатарына Шығыс Азия елдері бірінші кіреді. Оның ішінде Жапония көш бастап тұр. Әлбетте, жер аз, ал халық саны көп, әр салада бәсекелестік, әрі жоғары деңгейде. Токио сияқты үлкен магаполисте жоғалып кетуден бұрын, рухани тұрғыда жоғалу әбден мүмкін. Осындай опасыз өмірден шаршаған кейбір адамдар метроның астына түсіп, өлуді жөн санайды екен. Бірақ кейін өзін-өзі өлтірген адамның отбасына үлкен сомада айыппұл салынатын көрінеді. Өйткені бір адамның кесірінен бір линия қозғалысы тоқтайды, ал бұл транспорт компаниясына шығын әкеледі, ал адамдардың уақытын алады, түптеп келгенде елдің экономикалық жағдайына да әсерін тигізеді. Бастапқы кезде адамдар олардың линиясында болған өлімді естіп, қатты қорқатын болса, қазір ашуланатын көрінеді. Өйткені, метро жұмысын тоқтатады, ал адамдардың жарты күн уақыты бос кетеді. Ал жарты күн Токио үшін жарты өмірге тең.












