Сол баяғы өмір…

Егер өмірде болып жатқан барлық іс-әрекеттерді ойын деп қарасақ, сол ойынды өтірік ойнап, фальшивить етіп жатқанын байқасам, сол адамға ішім жылымай қалады. Ең біріншіден кімді алдағысы келеді екен деген сұрақ туындайды. Әлбетте, ойнап, елді алдаймын деп тұрғанда өз-өзін алдап жатқанын ұқпай ма?
* * *
Көкбет, психтарға жыным келеді. Бір жерде дұрыс болмай кетті ма, эмоциясын елге [...]

«Бақытты адамның көйлегі». (Шығыс ертегісі)

Ерте-ерте-ертеде бір хан өмір сүріпті. Ханның, сұлулығын жан татпаған қызы болған екен. Бір күні ханның қызы қатты ауырып қалады. Қыздың ауруына ешқандай емші дәру таппайды. Сөйтіп бір күні елде ең жақсы деген емшіні шақырады. Емші қызды қарап, «Сіздің қызыңызға бақытты адамның көйлегін кигізу керек» – деп айтады.

Сонда хан өз сарбаздарын бақытты адамның көйлегін тауып [...]

Колледж: түсу, не түспеу?

Өздеріңіз байқағандай, соңғы кездері көбі колледжде білім алуға құштар. Өйткені, көбі ЕНТ-дан қорқып, кетіп жатады. Солардың ішінде – үлгерімі нашарлар. Тіптеп кейбір мұғалімдер оларды колледжге кетулерін үгіттейтін көрінеді. Соынмен қатар, колледждің ақшасы университеттікіне қарағанда арзанырақ, әрі бір мамандық алып шықса да ұтымды вариант. Мен оқыған жылдары ЕНТ деген болған жоқ. Колледжге мектептен жалығып, жалпы тезірек [...]

Біздің ауылдың тұрғындары…

Қазіргі кезде біздің елдегі адамдардың мәдени-этикалық тұрмысы тіптен төмен деңгейде. Әрине, бәрі емес, бірақ көбінің. Кез-келген жерде ұрсысуға, айқайласуға, төбелесуге дайын тұрады. Әсіресе қоғамдық көлікте.
Жалпы қоғамдық көлік мәселесі үлкен тақырып. Күнде болмасын, бірақ аптасына бір рет көлікте келеңсіз жағдайларға ұшырасамын. Мысалы, дер кезінде ақшасын бермесе кондукторлар ұрсыса кетеді, немесе кондуктор ақшасын дер кезінде қайырмаса жолаушы [...]

Қызыл орамалды шынарым…

«Адамдар ессіз болып дүниеге келеді, Есалаң ғұмыр кешеді, Есті болғанда өмірден өтеді»
Асқар Сүлейменов
Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» (орыс тілінде «Тополек мой в красной косынке») повестін алғаш колледжде оқып жүргенде орыс әдебиеті мұғалімі біздің топқа оқып берген еді. 90 минуттың ішінде бізді баураған мұң мен сұрақ, өкініш пен нәзік романтиканың әсерінде аудиториядан шыққанымыз есімде. [...]

Калькулятор тәріздес өмір

Калькуляторсыз есеп шығара алмайтын болыппын. Тіпті қызық үшін көбейту кестесін есіме түсірмек болдым, алты жердегілерден бастап, шатаса бастайды екенмін. Жалпы мен ғана емес, көбіміз бірдеме шешу керек болса ұялы телефонымызға жүгіретінімізді байқадым.
Бұрындары кейбір ата-аналар балаларының жаман оқитындарын қорғаштау мақсатында қосу-көбейту, алу-бөлуді білсе болды деп ақталушы еді. Біз кішкентай болған соң, кейде шынымен ойлайтынмын, осы көбейтуді [...]

Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі?

«Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» деген Ахмет Байтұрсыновтың сөздері соңғы кездері көп қолданыста жүр. Газетті жасайтындардың басым бөлігі тілшілер ғой, сондықтан тілші – біздің құлағымыз, һәм тіліміз десек те болады. Бірақ тілшілердің жұмысына көңілі толатын халық кемде-кем. Соңғы уақыттары теледидардағы ақпараттың шынайылығына күмәнды халық жаңалықтарды қарауды да қойған сияқты. Интернетте көсіліп билікті жамандаудан [...]

Жетістікке жетудің 8 жолы

Ағылшынша үйреніп жүріп, бір ролик көрдім. Сол роликті көрген соң, оны аудару керек. Яғни, практика, сөздер жаттау деген сияқты. Осындай бір лессондардың бірінде Ричард Св. Джон деген ағаның методикалық ролигіне тап болдым. Былайынша жақсы мақала көрінді, банально болғанымен, кейде осындай кеңестерді де ұмытып кетеміз ғой.
Сөйтіп, Ричард Св. Джон деген аналитик өзінің жасаған сауалнамасы бойынша жетістікке [...]

Ішің күйсе…

Жалпы кез-келген адамның бойында жақсы қасиеттермен қоса жаман қасиеттер бірге қалыптасады дейді. Тек кейбірі сол жаман қасиеттермен күресудің жолын білетінге ұқсайды. Ол үшін біріншіден тәрбиесі, кейін өзінің ізденісі, көзқарасы, ортасы көмектеседі. Осыдан біраз уақыт бұрын «Арпалыс» деген өсиет әңгіме жариялаған едім. Адам ішіндегі жаман мен жақсының арпалысы жайлы.
Адамның арпалысқан қасиеттерінің ішінде «көре алмаушылық»  та бар. [...]

Ғашықтар мерекесі қарсаңында…

Қандай да бір романтикалық әңгімелерді тыңдай қалсаң, әр адам өз өміріндегі махаббат оқиғасын, не естеліктерін ең керемет, қайталанбас, өшпейтін тарих ретінде жеткізуге тырысады. Одан кейін тарих беттерінде жазылып қалған Love history-лер шынайы естеліктердің жанында жәй ғана сөз құрылымы ретінде қалатын көрінеді. Әлбетте, адам өмірге келген соң, өмірдің барлық қызықтарын, әсіресе махаббат сезімін сезінгісі келеді, айтқысы [...]