Сол баяғы өмір…

Егер өмірде болып жатқан барлық іс-әрекеттерді ойын деп қарасақ, сол ойынды өтірік ойнап, фальшивить етіп жатқанын байқасам, сол адамға ішім жылымай қалады. Ең біріншіден кімді алдағысы келеді екен деген сұрақ туындайды. Әлбетте, ойнап, елді алдаймын деп тұрғанда өз-өзін алдап жатқанын ұқпай ма?
* * *
Көкбет, психтарға жыным келеді. Бір жерде дұрыс болмай кетті ма, эмоциясын елге [...]

Колледж: түсу, не түспеу?

Өздеріңіз байқағандай, соңғы кездері көбі колледжде білім алуға құштар. Өйткені, көбі ЕНТ-дан қорқып, кетіп жатады. Солардың ішінде – үлгерімі нашарлар. Тіптеп кейбір мұғалімдер оларды колледжге кетулерін үгіттейтін көрінеді. Соынмен қатар, колледждің ақшасы университеттікіне қарағанда арзанырақ, әрі бір мамандық алып шықса да ұтымды вариант. Мен оқыған жылдары ЕНТ деген болған жоқ. Колледжге мектептен жалығып, жалпы тезірек [...]

Матрицаның жаңа демі

Кейде бір түс көріп жатып (әдетте қорқынышты), оянған кезде «Ох, түсім екен ғой!» деп бір рахаттанып қалатын сәттер болады емес пе? Ал, сізге осы түстерді басқарсам деген ой келді ме? Немесе басқа біреудің түсіне ену мүмкін деген тұжырымдардың қаншалықты рас екеніне сенесіз? Түс басқару былай тұрсын, тіптен ұйықтап жатқанда түске еніп, соған қандай да бір [...]

Қайрат – Чемпион!!!

Осы жылы, жыл сайынғы өтетін «Новая Волна» әншілер байқауында біздің еліміздің атынан Қайрат Түнтеков өнер көрсетеді. Бұл байқауды осы жылы «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалауға мүмкіндік бар. 27-шілдеден басталатын додада Қайрат қазақтың  халық әнін, өз репертуарынан бір ән, және әлемдік хит ретінде қазір өте танымал болып жүрген «SOS» әнін орындайды.
Өз басым, Қайраттың шоу-бизнеске келген күнінен өнерін [...]

Жол. Өскемен. Жол…

Менде екі апталық демалыс болды. Осы уақытты пайдаланып Өскемен жақта болған тойға барып қайттым. Ол жаққа сапарым екінші рет. Бір он жыл бұрын ат басын бұрғаннан бері, осы жылы ғана жол түсті. Жол демекші, ең есте қалатыны осы байтақ жерімізді байланыстырып жатқан тораптар екен. Халі өте-өте нашар деңгейде. Алматы мен Аягөз арасы біраз да болсын [...]

“МузАрт”-тық жанкүйерлер үшін “МузАрт”-сыз өткен мереке…

Сәлем, МузАРТ тобының жанкүйерлері! Барлықтарыңызды өткен мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Құттықтай отырып бүгін (6-шілде. Ақз.) МузАРТ-ты демалыс кундерi интернет, телефон арқылы іздеген жанкүйерлердің сауалына жауап жазуды ұйғардық.
«Фан-клуб группы МузАРТ» әлеміне, қауымдастық құрушыларға келіп түскен көптеген хаттар арқылы еліміздің түпкір-түпкіріндегі топ жанкүйерлері осы мереке кезінде Астанада болып, еліміздің астанасының туған күнін [...]

Құны өмірге тең алмаз…

Біздің бейбітшілік өмірде өмір мен өлім арасындағы бақталастықты сезіну қиын шығар. Оқимыз, жұмыс істейміз, ақша табамыз, көп ақша тапсақ бриллиант, алмаз әшекейлерін алуға құмармыз. Өмірдегі болып жатқан проблемаларды ойлап, шешіп, қалғаны ас үй мен басқалардың өмірін өсектеуден ары аспаймыз. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс, қалғанын күнәһар етіп қоюға шеберміз.
Сіздерге “рекомендеуге” ұсынып отырған фильм 90-жылдардағы Африкадағы азаматтық [...]

R.I.P.

Қай бір жылдары біздің телеарналардан «Ва-Банк» корей сериалының көрсетілімінен кейін мына клип елімізде кең таралды. Әрбірінің ұялы телефондарында осы өлеңнің бейне клипі, мелодиясы бар болатын.

Біздің ауылдың тұрғындары…

Қазіргі кезде біздің елдегі адамдардың мәдени-этикалық тұрмысы тіптен төмен деңгейде. Әрине, бәрі емес, бірақ көбінің. Кез-келген жерде ұрсысуға, айқайласуға, төбелесуге дайын тұрады. Әсіресе қоғамдық көлікте.
Жалпы қоғамдық көлік мәселесі үлкен тақырып. Күнде болмасын, бірақ аптасына бір рет көлікте келеңсіз жағдайларға ұшырасамын. Мысалы, дер кезінде ақшасын бермесе кондукторлар ұрсыса кетеді, немесе кондуктор ақшасын дер кезінде қайырмаса жолаушы [...]

Қызыл орамалды шынарым…

«Адамдар ессіз болып дүниеге келеді, Есалаң ғұмыр кешеді, Есті болғанда өмірден өтеді»
Асқар Сүлейменов
Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» (орыс тілінде «Тополек мой в красной косынке») повестін алғаш колледжде оқып жүргенде орыс әдебиеті мұғалімі біздің топқа оқып берген еді. 90 минуттың ішінде бізді баураған мұң мен сұрақ, өкініш пен нәзік романтиканың әсерінде аудиториядан шыққанымыз есімде. [...]