Қызыл орамалды шынарым…

«Адамдар ессіз болып дүниеге келеді, Есалаң ғұмыр кешеді, Есті болғанда өмірден өтеді»
Асқар Сүлейменов
Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» (орыс тілінде «Тополек мой в красной косынке») повестін алғаш колледжде оқып жүргенде орыс әдебиеті мұғалімі біздің топқа оқып берген еді. 90 минуттың ішінде бізді баураған мұң мен сұрақ, өкініш пен нәзік романтиканың әсерінде аудиториядан шыққанымыз есімде. [...]

«Рахмет» сөзінің кейбір мағыналары немесе 8 наурызбен құттықтау

Рахмет!.. Кейбір кездері осы сөз тек қуаныш қана емес, сонымен қатар өкініш пен көңіл қалдыратын ащы сезімдерді әкелуі мүмкін. Алғашында сезімнің шыңында қалықтап ұшыртқан қарым-қатынас күндердің бір күнінде «Рахмет» деген күрсініспен аяқталмасына кіп кепіл?
Таяуда біздің телеарналарда көрсетіліп біткен «Жігіттің сарбаздары» (ағылшынша нұсқасы «Boys over flowers») атты корей сериалын қарауға мүмкіндік болмады. Бір жағынан басты рөлдегі [...]

Ғашықтар мерекесі қарсаңында…

Қандай да бір романтикалық әңгімелерді тыңдай қалсаң, әр адам өз өміріндегі махаббат оқиғасын, не естеліктерін ең керемет, қайталанбас, өшпейтін тарих ретінде жеткізуге тырысады. Одан кейін тарих беттерінде жазылып қалған Love history-лер шынайы естеліктердің жанында жәй ғана сөз құрылымы ретінде қалатын көрінеді. Әлбетте, адам өмірге келген соң, өмірдің барлық қызықтарын, әсіресе махаббат сезімін сезінгісі келеді, айтқысы [...]

LOVE-лас

Интернеттегі шыт-быттар… :)

Қазір әлеуметтік желілердің өте қарқынды дамып жатқаны бәрімізге мәлім. Кейбір жастар виртуалды әлеммен қатты ауыратаны соншалық, күні-түні интернеттен шықпайтын кездері болатын сияқты. Сол арқылы қазіргі кезде әлеуметтік желідегі парақшаларда микробблогинг, қызықты статустар жазу жақсы дамып жатыр. Орыс сайттарында статусқа сұраныс мықты болса керек, тіпті статустар жинақтарымен сайттар да бар.
Мен статустарды жинау бұрыннан есімде болған [...]

Сен бақытты боласың…

Жанымда нұр,  көңілің алабұртып,
Сен де білем шаттанып жүрген жоқсың.
Жанарыңда жасыңды әрең іркіп,
Сәл жымиып, суретте күлген бопсың.
Қайтсем сені бақытты етеді екем -
Аққа Алла жақ деген бекер ме екен.
Бар байлығы дүниенің менің үшін -
Сенің мұңсыз күлкіңе жетер ме екен?!
Қайтсем сені бақытты етеді екем?!
Сен нәзік ең, аққудай, шағаладай,
Адастың [...]

…Ғалам қаншалықты үлкен?

Олар бір-бірін мектеп кезінен танитын. Тіпті бір-бірінің алғашқы махаббаттары. Олар бірлесіп жүріп мектеп бітірді, кейін университетте де жұптары жазылмады. Елдің бәрі ендігі тойларын күтіп жүргенде, екеуі екі бөлек кететіндерін айтты.

Құрбым интернетте бұрынғы бастауыш сыныптарда бірге оқыған досын тауып алыпты. Кәдімгідей жігіт болып қалғанын айтады. Ғашық болып қалғаннан саумысың дегенше, оған тұрмысқа шығып та үлгерді.
[...]

Жәй…

Балдырғанның “Жәй” серияларынан… ))

Сен қайда жүрсің?

Сен қайда жүрсің?
Мені осынша сағындырып,
Жүрегімді лаулатып, жалын қылып.
Мен сені іздеп жүрмін
Шығар-ау деп жарқ етіп, түзден бір күн,
Мазасыздық жайлаған жанымды ұғып.
Жинап жүрмін жүрекке ашу, ыза.
Кеудемде қамалған үн,
шаттығым мен пәк күлкім, ән – арманым.
Басқаларға айта алмас сырымды мен
Ішімдегі бүгіп жүрем -
ақтаруға тек қана саған бәрін.
Жанымды жайып салам,
Көмілмей жасқа, мұңға,
Орап сені сағыныш – ақ сағымға.
Қымсынбаймын, бар әлем қарап [...]

Ғашық оты жанады – жана берсін, жұбайлардың жолдары бола берсін…

Сенбі күні Балдырған екеуміз ат шаптырып, қазақша блог жүргізу үрдісінің тұңғышытарының бірі саналатын, қазіргі таңда Birge.kz сайтының админі болып жүрген Қуаныштың шақыруымен үйлену тойына барып келдік. Жалпы интернеттегі таныстарымның бұл бірінші тойға шақыруы және бірлесіп бірінші рет баруым.
Қуаныш үшін өте ризамын. Әсел келініміз өте сүйкімді де, әдемі екен. Екеуіне ұзақ ғұмыр, үбірлі-шүбірлі болып, бақытты [...]