Колледж: түсу, не түспеу?

Өздеріңіз байқағандай, соңғы кездері көбі колледжде білім алуға құштар. Өйткені, көбі ЕНТ-дан қорқып, кетіп жатады. Солардың ішінде – үлгерімі нашарлар. Тіптеп кейбір мұғалімдер оларды колледжге кетулерін үгіттейтін көрінеді. Соынмен қатар, колледждің ақшасы университеттікіне қарағанда арзанырақ, әрі бір мамандық алып шықса да ұтымды вариант. Мен оқыған жылдары ЕНТ деген болған жоқ. Колледжге мектептен жалығып, жалпы тезірек [...]

“SOS d’Un Terrien en Détresse” немесе “Азалы адамның СОС сигналы”

Алдағы «Новая Волна» байқауына қатысатын Қайрат Түнтековты қолдау мақсатында, қазіргі уақытта ел арасында өте танымал болып жүрген Қайраттың орындауындағы «Sos d’un terrien en détresse» әнінің қазақша аудармасын ұсынып отырмын (аудраманы жасаған Нұрберген Мақымға үлкен рахметімізді бірге айтамыз ).
Әннің тарихына біраз көз жүгіртсек, ең алғаш бұл әнді француз әншісі Daniel Balavoine, кейін жас әнші [...]

Қайрат – Чемпион!!!

Осы жылы, жыл сайынғы өтетін «Новая Волна» әншілер байқауында біздің еліміздің атынан Қайрат Түнтеков өнер көрсетеді. Бұл байқауды осы жылы «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалауға мүмкіндік бар. 27-шілдеден басталатын додада Қайрат қазақтың  халық әнін, өз репертуарынан бір ән, және әлемдік хит ретінде қазір өте танымал болып жүрген «SOS» әнін орындайды.
Өз басым, Қайраттың шоу-бизнеске келген күнінен өнерін [...]

Жол. Өскемен. Жол…

Менде екі апталық демалыс болды. Осы уақытты пайдаланып Өскемен жақта болған тойға барып қайттым. Ол жаққа сапарым екінші рет. Бір он жыл бұрын ат басын бұрғаннан бері, осы жылы ғана жол түсті. Жол демекші, ең есте қалатыны осы байтақ жерімізді байланыстырып жатқан тораптар екен. Халі өте-өте нашар деңгейде. Алматы мен Аягөз арасы біраз да болсын [...]

“МузАрт”-тық жанкүйерлер үшін “МузАрт”-сыз өткен мереке…

Сәлем, МузАРТ тобының жанкүйерлері! Барлықтарыңызды өткен мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Құттықтай отырып бүгін (6-шілде. Ақз.) МузАРТ-ты демалыс кундерi интернет, телефон арқылы іздеген жанкүйерлердің сауалына жауап жазуды ұйғардық.
«Фан-клуб группы МузАРТ» әлеміне, қауымдастық құрушыларға келіп түскен көптеген хаттар арқылы еліміздің түпкір-түпкіріндегі топ жанкүйерлері осы мереке кезінде Астанада болып, еліміздің астанасының туған күнін [...]

“Фанатиктер”. FIFA WORLD CUP-2010

Біздің ауылдың тұрғындары…

Қазіргі кезде біздің елдегі адамдардың мәдени-этикалық тұрмысы тіптен төмен деңгейде. Әрине, бәрі емес, бірақ көбінің. Кез-келген жерде ұрсысуға, айқайласуға, төбелесуге дайын тұрады. Әсіресе қоғамдық көлікте.
Жалпы қоғамдық көлік мәселесі үлкен тақырып. Күнде болмасын, бірақ аптасына бір рет көлікте келеңсіз жағдайларға ұшырасамын. Мысалы, дер кезінде ақшасын бермесе кондукторлар ұрсыса кетеді, немесе кондуктор ақшасын дер кезінде қайырмаса жолаушы [...]

“Солтүстік Корея деген мемлекет жоқ!”

Бір ай бойы әлемнің теледидарға телмірген уақыты болып жатыр. Ерлердің табиғатынан қандай да бір жарыстарға бейім екені белгілі болса, онда футболдан жарыс өмірдің жарық белеңі іспеттес болып кететін сияқты.
Осы жылғы Әлем Чемпионатында азиаттардың белсенділігі байқалады. Жапония, Солт. Корея, Оңт. Корея мемлекеттері бізге түр жағынан қанша жақын болса, жер жағынан соншалықты алыс. Бірақ, недегенмен жаңашылдыққа құмар [...]

Орын ұсынуға ұят…

Mothercare компаниясына жататын gurgle.com сайтында жасалған сауалнама бойынша жүкті әйелдердің 84 пайызы қоғамдық көлікте тұрып тұратындығын айтқан екен. Сондағы жүргізілген анықтама бойынша көптеген отырып бара жатқан жолаушылар тұрып тұрған әйелдің жүкті немесе жәй іші семіздіктен шығып тұрғанын анықтай алмайтындарын баяндайды. «Отырып» бара жатқан адамдар тұрып тұрған толық қызды ренжітіп аламын ба деп, отыра береді екен [...]

Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі?

«Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» деген Ахмет Байтұрсыновтың сөздері соңғы кездері көп қолданыста жүр. Газетті жасайтындардың басым бөлігі тілшілер ғой, сондықтан тілші – біздің құлағымыз, һәм тіліміз десек те болады. Бірақ тілшілердің жұмысына көңілі толатын халық кемде-кем. Соңғы уақыттары теледидардағы ақпараттың шынайылығына күмәнды халық жаңалықтарды қарауды да қойған сияқты. Интернетте көсіліп билікті жамандаудан [...]