Ей, самолет!

«Ей, самолет, самолет,
Алматыға ала кет!» – деп жүгіріп жүргенде
Осы біздер бала ма ек?
Уақыт сырғып, бір жыл, бір ай, бір күннен
Кездер қалды бізбен бірге күн күлген.
Самолеттен «ала кет», деп сұраған
Алматыда жүрмін мен.

«Ей, самолет, самолет,
Біздің үйге қона кет.
Жете алмай, сағынған ауылыма ала кет.
Ауылыма апар да, Алматыға қайтып [...]

Құралай Омармен кездесу

Құралай Омар деген есім осыдан біраз жыл бұрын мен үшін ешқандай мағына бермейтін еді. Поэзияға жаным құштар болса да, қазақ поэзиясынан Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне ғана қызығушылық басым болатын. Сөйтіп жүргенде интернет беттерінен Құралайдың өлеңдеріне тап болдым. Дәл сол уақыттары, жүрегім алай-дүлей болып, дүниенің қара түнегі басымда салбырап тұрғандай кез болатын. Өлеңдерін оқып, осылай да адамдар [...]

Көрер қызық көбейсін…

Менің жазбаларымды қадағалап жүргендердің көбі байқаған болар, соңғы уақыттары азиялық сериалдарға қызығушылығым артып кетті. Торренттен бір сериалдың соңынан екіншісін көшіріп әлекпін. Сериалдарды субтитрмен көретіндіктен бір жағынан фильм қарап демеласың, екінші жағынан оқып отырасың. Сөйтіп ми босамайды. )
Бір таңқалғаным, сериалдардың көбін орыс қыздары аударады екен. Ағылшыннан орысшаға яғни. Тіпті жекелеген сайттар ашқан, группалар құрған. Азиялық [...]

X-files

«Алып ғимараттарды алыстан жақсы көреміз, жақындай берген сайын толығымен көру мүмкіншілігі азаяды.
Саяхаттап жүргенде сол саяхаттың маңыздылығын түсіну қиын.
Өмір сүріп жатып, өмірдің мәнін түсіну қиын.
Сол сияқты сені жақсы көретін адамдар жаныңда болған кезде оларды бағалауға ұмтылмаймыз.
Мен оған рахметімді айтуым керек қой, ия, сіздер қалай ойлайсыздар?»
Бұл жақында болып өткен «Женщина солца» немесе «Женщины озаренные солнцем» корей сериалынан [...]

Көңілге хошымды аударма

Интернеттен Тұманбай Молдағалиевтың бір өлеңін орыс тіліне аударған нұсқасын тауып алдым. Екі нұсқада да тақырып жақсы ашылған сияқты. Өзіме қатты ұнады.
Түпнұсқасы:
Өмір маған кейде тау сияқты,
Шынына шыққым келеді
Өмір маған кейде бір жау сияқты,
Аяққа жыққым келеді
Өмір маған кейде бір бел сияқты,
Гүлдерін тергім келеді
Өмір маған кейде бір шөл сияқты,
Сусын бергім келедi
Өмір маған кейде бір [...]

Куә бол

Көзімді жұмсам да көрем сені
Еседі арманның қоңыр желі
Куә бол, Алатау, бақытыма
Куә бол, көк терек көлеңкелі
Куә бол, жұлдыз
Куә бол, Айым
Куә бол, Алатауым!
Көп іздеп мен бүгін оны таптым
Бастадым бір әнін махаббаттың
Ақ қайың аялап арманымды
Куә боп, көк өзен, күліп жатты
Куә бол, жұлдыз
Куә бол, Айым
Куә бол, Алатауым!
Куә бол, жұлдыздар, жымыңдасқан
Куә бол, аппақ Ай, ашық аспан
Алданба жүрегім енді қайтып
Арманға кезінде [...]

Өмір керек…

Қалтарыс, бұлтарысы мың сан қабат,
Қызық өмiр, ақырын тұрсаң қарап.
Бiреулердiң еңбегi еш, тұзы сор боп,
Бiреулердiң бақыты жүр сорғалап.
Қызық өмiр, кiм бiлсiн, сонысымен,
Аласы мен құласы, торысымен.
Тағдыр түрлi болғанмен, өмiр бiреу,
Ұнатамын өмiрдi сол үшiн мен.
Ұнайды өмiр ынтымақ, күресiмен,
Құр қалмайды ешкiм де үлесiнен.
Өлiп-талып жеткенде бақытына,
Шорт үзiлiп кей тағдыр түгесiлген.
Өмiрiме өзiмнiң таңданамын,
Қалмаймын деп қатардан қарманамын.
Бүгiнiмдi өткiзсем қиындықпен,
Ертеңiме үмтiпен алданамын.
Ұнатамын өмiрдiң [...]

Сен бақытты боласың…

Жанымда нұр,  көңілің алабұртып,
Сен де білем шаттанып жүрген жоқсың.
Жанарыңда жасыңды әрең іркіп,
Сәл жымиып, суретте күлген бопсың.
Қайтсем сені бақытты етеді екем -
Аққа Алла жақ деген бекер ме екен.
Бар байлығы дүниенің менің үшін -
Сенің мұңсыз күлкіңе жетер ме екен?!
Қайтсем сені бақытты етеді екем?!
Сен нәзік ең, аққудай, шағаладай,
Адастың [...]

Жәй…

Балдырғанның “Жәй” серияларынан… ))

Сен қайда жүрсің?

Сен қайда жүрсің?
Мені осынша сағындырып,
Жүрегімді лаулатып, жалын қылып.
Мен сені іздеп жүрмін
Шығар-ау деп жарқ етіп, түзден бір күн,
Мазасыздық жайлаған жанымды ұғып.
Жинап жүрмін жүрекке ашу, ыза.
Кеудемде қамалған үн,
шаттығым мен пәк күлкім, ән – арманым.
Басқаларға айта алмас сырымды мен
Ішімдегі бүгіп жүрем -
ақтаруға тек қана саған бәрін.
Жанымды жайып салам,
Көмілмей жасқа, мұңға,
Орап сені сағыныш – ақ сағымға.
Қымсынбаймын, бар әлем қарап [...]