Колледж: түсу, не түспеу?

Өздеріңіз байқағандай, соңғы кездері көбі колледжде білім алуға құштар. Өйткені, көбі ЕНТ-дан қорқып, кетіп жатады. Солардың ішінде – үлгерімі нашарлар. Тіптеп кейбір мұғалімдер оларды колледжге кетулерін үгіттейтін көрінеді. Соынмен қатар, колледждің ақшасы университеттікіне қарағанда арзанырақ, әрі бір мамандық алып шықса да ұтымды вариант. Мен оқыған жылдары ЕНТ деген болған жоқ. Колледжге мектептен жалығып, жалпы тезірек [...]

Тосап қайнату

Күз бастала салысымен қыстың қамын жазда ойлаушы жанұялы арулар тосап дайындау қамымен жүреді. Тосапты жақсы көрмейтін адам кемде-кем. Әсіресе қарақаттан, таңқурайдан жасалған тосаптар. Оларды қыста тұмау тигенде шайға қосып ішсе тұмаудың тез кетуіне септігін тигізеді.
Кейбір кезде тоспатың қанты шығып, суы аз болып, немесе дәмі ащылау болып кететін кездер болады. Оның себебі тосапты қайнату барысында кеткен [...]

Қытай – күйеу жігіттер мекені

Бүгін «Тірі таспада» Мақпалдың: «Интернет арқылы қазақ қыздарымен танысуды мақсат тұтып жүрген қытай жігіттері көбейді ғой деймін. Осымен екінші рет орысша аз-маз тілетін конфуцийшілер скайп арқылы сөз салатынды шығарды» деген жазбасын оқып, осыдан біраз бұрын поштама келген бір хат есіме түсіп кетті. Маған да сөз салды деп ойлап қалмаңыздар, ))) әзіл ретінде жіберілген файл.
Очм, шын-өтірігі [...]

Жетістікке жетудің 8 жолы

Ағылшынша үйреніп жүріп, бір ролик көрдім. Сол роликті көрген соң, оны аудару керек. Яғни, практика, сөздер жаттау деген сияқты. Осындай бір лессондардың бірінде Ричард Св. Джон деген ағаның методикалық ролигіне тап болдым. Былайынша жақсы мақала көрінді, банально болғанымен, кейде осындай кеңестерді де ұмытып кетеміз ғой.
Сөйтіп, Ричард Св. Джон деген аналитик өзінің жасаған сауалнамасы бойынша жетістікке [...]

Ішің күйсе…

Жалпы кез-келген адамның бойында жақсы қасиеттермен қоса жаман қасиеттер бірге қалыптасады дейді. Тек кейбірі сол жаман қасиеттермен күресудің жолын білетінге ұқсайды. Ол үшін біріншіден тәрбиесі, кейін өзінің ізденісі, көзқарасы, ортасы көмектеседі. Осыдан біраз уақыт бұрын «Арпалыс» деген өсиет әңгіме жариялаған едім. Адам ішіндегі жаман мен жақсының арпалысы жайлы.
Адамның арпалысқан қасиеттерінің ішінде «көре алмаушылық»  та бар. [...]

Әдемілене түсейік…

Соңғы кездері блогымда әдемілік жайлы мақалалар азайып кеткен сияқты, осы пробелды толтыру үшін арнайы пост қажет болды. Алдында бір үйде жатқан журналдарды ақтара отырып, пайдалы деп тапқан кеңестерді сіздермен бөлісе отырайын.
1. Көбімізде отырып жасайтын жұмыс болғандықтан, аяқты айқастырып отыру тіпті әдет болып кетті десек артық айтпайтын шығармын. Алайда бұл «арылу керек» әдеттердің қатарында екен. Аяқты [...]

Мүшел жас

Менің жасым 24-те. Кейбіреуінің айтуынша мен мүшел жасқа кірдім, ал кейбіреуі керісінше 25 жасында кіресің деп айтады. Осыны түсінбей-ақ қойдым. Барыс жылы келуімен менің жылым, сиыр жылы шығып кетті, сонда да мен 25 жасқа дейін мүшел жаста боламын ба?
Не болса да бірер сүйікті киіміммен хош айтысуға тура келді. Қай жағынан да салмақты аналитик болуға тырыссаң [...]

Түс – түлкінің боғы…

Бұрын мен аян беретін түстерге қатты сенетінмін. Қандай да бір түс көргеннен соң, үйдегі  түс жоратын кітапты алып, түсті барынша жоруға тырысатынмын. Дәл солай – тырысатынмын, ал қазір жоқ. Өйткені, қай бір мезгілде жаман түс көріп, оны бір жамандыққа жорығаным бар еді, өйткені кітапта солай жазылған болатын, ал мен әлбетте оған сендім. Сөйтіп, жүргенде сол [...]

Маскарад…

Соңғы уақттары Алматы көшелерінде маска киюге мода шыққан сияқты. Маска болғанда тұмаудан сақтайтын, немесе тұмау жұққан бойда өзгелерге вирусты жаймайтын профилактикалық маскалар. Маска кигіштердің арасында жігіттер (!) киіп алғанын жиі көремін.
«Сақтансаң ғана сақтаймын» – деген сөзді ескере отырып, бұл дұрыс әрекет деп ойлаймын. Сонымен қатар, біздің мәдениетімізде маска кию осы уақытқа дейін біраз ұят саналатын. [...]

Бәрі де біз ойлағандай жаман емес екен…

«Даналық әркез қарттықпен келмейді, кейде қарттық өзі жалғыз келеді» деуші ма еді, осы алдыңғы тақырыпта кейбір қарт-зиялылардың сараңдығын әңгіме етсек, енді осы тақырыпта құптарлық бір хабар айтқым келіп отыр. Интернетті қопарып отырып, танымал жазушы-публицист ағамыз Әбіш Кекілбаевтың жеке сайтына тап болдым. Сайтты мына сілтемеден көре аласыздар. Қарап отырсаңыздар, дизайн жағынан да кем түспейді, тіпті видео, [...]