-*-*-*-*-*-*-*-*-

Жаным, неден түңілдің, жанарыңда неге мұң?
Бақытсызбын дегеннің бірі мына мен едім.
Бекер бәрі, тәубә қыл саулығыңның барына,
Бұл пенденің ешқашан таусылмаған керегі.

Сен де өтесің өмірден , мен де бір күн кетермін…
Жанары жоқ жан айтсын шын бақыттың не екенін.
Түсінер ең сен сонда оның барлық арманы
Мына жарық әлемді бір көруде екенін.

Кейде [...]

Бақыт іздеу жолында…

Адам есейе келе өмірдің мән-мағынасын іздей бастайтыны хақ. “Мен бұл өмірге не үшін келдім, не істеуім керек, қалай істесем дұрыс болады екен” – деп, ойлану мен батыл істерге бел буып жатамыз. Мақсат бір ғана – бақытты болудың амалын іздеу.
Көп жағдайда қандай істі бастамасақ та оның бізді игі істерге әкеліп, бақытты ететініне үміттенетініміз рас. Алла тағала [...]

Өмірдің үш түсі…

Супер Мариодан супер ойындарға дейін

Осыдан бір 10 жыл бұрын немесе одан да көп пе, алғаш Sony PlayStation құрылғысын сатып алып, оны ескі теледидарға қосып (өйткені түрлі-түсті теледидарға қоссаң ол бұзылады деген ой қалыптасқан), джойстикті басқаннан саусақтар ауырып, көзіміз талғанға шейін Супер Марио ойынын жалықпастан ойнайтынбыз. Сол кездің өзінде сол Сони де, тіпті Супер Марио да бізге жаңалық, үлкен бір [...]

Ең ұлы кішкентай сөздер

Біздер достығымызды ұлғайту, арттыру үшін, көптеген нәрселерді жасай аламыз. Ең тиімдісі үш ауыз сөз.
Мен қазір келемін…
Егер түн ортасында досыңа телефон шалып, баламды дәрігерге апару керек, немесе машинам жолда бұзылып қалды дегенде, “Мен қазір келемін” деген үш ауыз сөздің адамға қалай әсер ететінін білетін боларсыз. Қиналған адамның жанынан табылып, сүйеу болу, біздің оларға деген сезіміміздің адалдығын [...]

Бардым, көрдім, жеңдім!!!

Кеше ең сүйікті тобымның – “МузАрттың” жеке концертін көріп қайттым. Керемет топ, тірі дауыс, музыка, әсем әндер… эхх… алып қайтқан эмоциямды Айконыкіндей әттең жеткізе алмаймын.
Шынымды айтсам, осы топтың арқасында қазақ эстрадасынан күдерімді үзбей келемін. Менің ойымша концерт шетел әншілерінің концерттерінен асып түспесе кем түскен жоқ. Сағындырып берген концерт толықтай үздік деген бағада өтті.
Жігіттердің орындауындағы [...]

Бір ой…

Жақында ғана теледидардан Астананың 10 жылдығына қарсы салынып жатқан құрылыс алаңдарын көрсетті. Тағы да бір зәулім сарайлар, яғни салып жатқан адамдардың атын тарихта қалдыратын құрылыстар-мыс…
Ойландыратыны – оның бәрі осы уақытқа қажеті қанша? Онсыз да Астанада жаңадан салынған әдемі ғимараттар жетіп жатыр емес пе? Менің ойымша мұның бәрі жай “показуха”. Басқа елдер келіп көрсін, бізде бәрі [...]