Өсиет…

Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:
- Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп өсиет айтыпты.
Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір [...]

Осы жасқа дейін не істеп үлгердіңіз?

Мына жерде 85 келеңсіз жайт берілген. Басымнан кешкенін үстінен сызып қойдым. Егер қызық болса блогыңызға қойып, не істеп үлгердіңіз соны жазаяйық…
1. Өмірді сүйіп … (кыршам кетіп журген жоқ, сонымен қатар мәнсіз деп те айта алмаймын)
2. Түнімен ұйықтамай … (жақынымыздан суық хабар алғанда болған)
3. Теңізге барып … (арманым…)
4. Бақыттан біреуді қатты құшақтап …
5. Үлкен иттен [...]

Джентельмендер жайлы 10 жаңсақ пікір

1. Джентельмен ешқашан ақ нәски кимейді.
Ресей буржуазиясында кең таралған бұл қауесет Лондоннан шыққан. Ол жақтағы ерлерге арналған дүкендерде ақ нәскилерге қарағанда сары, қызғылт, көкшіл түсті нәскилер көбірек кездесетінге ұқсайды.
2. Джентельмен болып туылады.
Өзін джентельмен санайтын ер жігіт көбінесе өзін аристократтармен салыстырады (әлбетте аристократтардың ішінде де джентельмендер аз емес). Алайда джентельмен сөзінің түпкі мағынасы “gentle” – “жұмсақ” [...]

ДШ

“Денсаулық – зор байлық”, “Шынықсаң – шымыр боласың”, “Салауатты өмір салтын ұстанамыз”, деп қаншама қақсаймыз, ал өмірде осындай қағидаларды ұстанамыз ба? Өзіме келер болсақ, жоқ.
Қанша тырыссам да, спортпен тіл табыса алмай-ақ қойдым.
Мектепте оқығанда биге қатысқаным бар еді. Енді ол кезде құрбыларыңның бәрі қатысады, сен қаласың ба? Сен де қатысасың. Сосын ол да қалды.
Дене шынықтыру [...]

Жазмыштың құлымыз…

Әдемілік… украинша…

Хохолдардың тағы бір мақтан тұтар тұлғасы – жақында шыққан “Агент 007. Квант милосердия” фильмінде Джеймс Бондтың қызының рөлін сомдаған Ольга Куриленко.
Украина талантты спортшы, әнші, актрисаларға бай сияқты. Бірінен кейін бірі елін танытып, “Украиналық кім десең, міне, қара бізге” – деп тұрғандай.
Фильмді көрген жоқпын (о бастан атыс-шабыс киноларды суқаным сүймейді), бірақ бұл фильмді бүкіл әлем болып [...]

Наушникпен ойлар…

Жұмысқа бара жатқанда және үйге қайтар жолда әрдайым наушникпен жүремін. Бұл менің бір осал жерім шығар. Көңіл күйіме байланысты кейде радио толқынын, кейде өзімнің ұялы телефоныма жинақталған әндерді тыңдаймын.
Наушниктің бір жақсы жері көлік тығынан, адамдардың көптігінен біраз да болсын ойыңды бөледі.Вконтактіде осындай наушникпен жүріп серуендейтін жандарға арналған топ бар. Сол жерде адамдардың осындай сәттерде не [...]

Бақыт деген…

Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң.
Бақыты сол – тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген – әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір –
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Бақыт іздеп, мал [...]

1 жас…

Қаншама сынақтан өтіп, қаншама творчестволық кризисті бастан кешіріп, “Осы кімге керек?”, “Ешкімге қызықсыз”, “Тіл байлығым жоқ” деген сылтаулармен қаншама рет жабылып қала жаздаған блогым, міне 1 жылға толып отыр.
Басында, осы блогты бастағанда алдымда бір мақсат болды – қазақша ақпараттармен толтыру. Интернет қауымын қазақша оқуға ынталандыру болған. Бірақ, кейін өзім жайында да, ойларымды ортаға салып, [...]

Ақ үйдің қара келіні

Осы күні АҚШ тарихында ең алғаш қара нәсілді президентпен қатар, ақ үйдің бірінші ханшайымы да қара нәсілді болғалы отыр. Обаманың осындай жетістікке жетіп отырғаны, әйелінің де қосқан үлесі аз емес әрине. Осыдан біраз бұрын Обамен кандидаттыққа таласқан Хиллари Клинтон жайлы мынадай өсиет әңгіме тараған. Бұл Билл Клинтонның президент болып тұрған шағында шықса керек:
Бірде Билл мен [...]