Берет – романтикалық бас киім

Көбіміз мектепте оқып жүргенде бас киім киюді ұнатпай, үйден шыға сала сөмкеге тығып тастайтынбыз. Ал есейе келе бас киімдердің түр-түрі шығарылып, таңдауға үлкен мүмкіндік барын білдік. Соның бірі ең танымал беретка болып саналады. Беретка таңдағанда және кигенде қандай қателіктер жібермеу керек, осы жайлы бірер кеңес.
1. Берет – бұл шындығында романтикалық бас киімдер қатарына жатады. [...]

Махаббат қайда?..

Сіз әлі де өмірлік жартыңызды жолықтырмадыңыз ба? Махаббатыңызды арманыңыздағы жігітке сақтап, ал онымен кездесу әлі де бұйырмай жатыр ма? Жауапты қайдан табамыз, осы сұраққа психологтар мынадай кеңес береді:

Махаббатыңызды болашаққа ысырып тастамаңыз, яғни бірінші сол адам пайда болсын, сосын көре жатармыз деген сияқты. Мұндай іс тек бір ғана жолға – қайталанбас “ханзаданы” терезенің алдында күтіп, көп [...]

Бір тамшы көздің жасындай…

Кәрісше махаббат…

- Мен сізді сағындым, операциядан кейін қаншама уақыт сізді күттім. Сарғая, күні-түні күттім. Ал сіз келмей қойдыңыз, сондықтан қатты ызаланып ешкіммен сөйлеспей қойдым.
- Сіз маған уәде бердіңіз ғой, егер мен ақылды болсам, менің жанымнан ешқайда кетпейсіз деп, уәде бердіңіз ғой.
- Менің ақылды болғанымның бір ғана себебі бар: Мен мұғалима Ин Хені бақытты еткім келді.
- Мен [...]

Ақырын ғана өледі…

1971 Нобел әдебиет сыйлығын алған Пабло Неруданың шығармашылығынан
Ақырын-ақырын өледі – әдетінің құлы болғандар, бағытын өзгертпейтіндер, көкжиектерін кеңейтпейтіндер, кимідерінің түсін де өзгерте алмағандар, немесе бір бейтаныспен сөйлесе алмағандар.
Ақырын-ақырын өледі – құмарлықтан, жүректі тез қаққызған, көздерді жайнатқан қателіктер мен сезімнен қашатындар, ақ пен қараны ғана қалап, нүкте қоюға асығатындар ақырын-ақырын өледі.

Сағындым сені, сағындым…

Жалғандағы армандаған асылым
Мұңымды айтам мен өзіңе жасырын
Асау өткел өткізбеді
Қашқан жолдар жеткізбеді, жаным
Айлар өтті кездеспедің
Сырларымды сезбеспе едің, жаным
Сағындым сені, сағындым.
Бір өзіңді ойлай-ойлай жыл өтті
Ғашық жүрек от боп жанды, дір етті
Қара көзің күлімдеген
Кірпіктерің дірілдеген, жаным
Жайнап өскен гүлім деп ем
Жүрегімді тілімдеген, жаным
Сағындым сені, сағындым.
Ғұмыр кештім мен өзіңмен, аяулым
Шықпай қойдың сен есімнен, аяулым
Кездескенде көктем еді
Көкте тырна өткен еді, жаным
Құстар [...]

Жаңа жыл… Жаңа бақыт…

Міне, бүгін жаңа 2009 жылдың 5 қаңтары. Дала аппақ қарға оранған, күн де жарқырап, сәулесін төгуде. Көңіл-күй де жадыраңқы…
Жаңа жылға аттап басқан қадамда үлкен үміттер мен армандар… Мүмкін, өмірде бәрі де біз қалағандай болмайтын шығар, бірақ соның өзі өмірімізге біраз да болсын дәм береді емес пе? Әйтпесе әрдайым ақ жолақта өмір сүрсек, қуаныштың қадірін [...]