Жұмыс ауыстыру…

- Здравствуйте, Зере! Это с компании … вас беспокоят. Я нашла ваше резюме на сайте, хотела бы вас пригласить на собеседование. Ваш поиск все еще в силе?
- Ааа… да-аа, ну так, в силе… А что за компания вы сказали?
- Это компания … Вы сможете завтра подойти в 10 утра?…
- Ааа, завтра, нет… [...]

"Ушівөл!" – copyright Сатыбалды.

Бейіт қасынан өткенде – бет сипағандарың барлығын иманды дей беруге болмайды. Олардың кейбіреулері – бұрынғы пациенттерінен ұялып кеткен дәрігер де болуы ықтимал…
* * *
Бұрын естіген шуткыны қайта айтқаны үшін асабаға жұмыртқа-помидор лақтыруды енгізсек?
* * *
- “Тамақ жасарда да “Биссимиллә” деп, тамақты ауызға апарарда да “Биссмиллә” десе – ол тамақтың дәмділігі арта түседі екен”.
- Әжесстің, мен [...]

Иықтан шашың төгіліп жерге…

Әдемі, қолаң шаштарға қалай қол жеткізуге болады? Жалпы шашқа қандай күтім керек? Осындай сұрақтар көптеген қызды мазалайтыны белгілі. Егер шаштарыңыз көлемінен айрылып, ұштары құрғап, өңсіз, түсе берсе мына кеңестерге құлақ түріңіз.

Шашты жуғанда бір ғана ережені ұстаныңыз: мейлінше су сабынды (шампунь) аз қолдануға тырысыңыз. Егер көп жаққан жағдайда шашқа артық салмақ түсіп, құрғатып жібереді. Шаштараздардан кеңес: [...]

Қазақша күн аттары қайдан шыққан?

Мониторымның ар жағында отырған бір досым осы сұрақты қоймасы бар ма? Сонау бұрынғы мектеп кезінде басымда қалған білімімді қазбалап, шындығында не мағына білдіреді екенін еске түсіргім-ақ келді. Бірақ, соны мектепте оқытып па еді, әлде басқа жерде оқыдым ба ол да онша есіме түсе қоймады. Тек есімдегісі, түрік тілін оқығанда «пэршембе» сөзінің бейсенбі екені ғана. Сөйтіп, [...]

…Өзіңізді сағынғаным болмаса…

Сезiмiмдi тоңдыра алмас салқын да,
Кеудемдегi бәйшешегiм солмаса…
Қымбаттым-ау ауыстырмас алтынға,
Көп толқындар жалғаған телефонмен
Хал сұрайсыз…
Күндер, түндер өзгерiссiз қалпында,
Өзiңiздi сағынғаным болмаса.
Аңсағаным, сарғайғаным ғана мұң,
Ал қуаныш еншiсiнде сәттердiң.
Тыным таппай толғанады сана мың.
Елесiңiз еркiмнен тыс естi орап,
Еримiн де…
От боп денем, жанамын
Парағындай дәптердiң.
Жүрегiмнiң жасын үзiп қағазға,
Тiзбек-тiзбек жолдар етiп төгемiн.
Жеке басқа шаттық сұрап тағы азға,
Не қыламын, Жер бетiнде онсыз да
Жеңiлiс көп, құлазу [...]

Ғашықтар мерекесі қарсаңындағы ойлар…

Жалпы бұл жастардың мейрамы… Не десе де жастарға қызық керек, махаббат керек, романтика керек, сондай қажеттіліктерден туындап отырған мейрам. Менің көзқарасыма келсек, мен атап өтуге қарсы емеспін. Жалпы өмірді күнделікті қу тірлік басып кетеді ғой. Содан кейін біздің ұялшақтық, эгоистік менталитетіміз ол бар. Соның бәрі күнде болмаса да, апталап, айлап сүйіктінді бір шаттандыратын әрекеттерді жасауға [...]

Түсінгенім…

Түсінгенім…
ешкімге қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың.
ұнатылатын адам боласың да, қалғаның өздері біледі.
Түсінгенім…
сенімге кіру үшін жылдар керек,
сенімден шығу бір-ақ минут.
Түсінгенім…
өмірде қолда не бары емес,
қасында кімнің болғаны маңызды.
Түсінгенім…
өзіңді ең жақсылармен салыстыру емес,
ең жақсы өзіңмен салыстыру нәтиже береді.

Адамның күні адаммен немесе темекінің осыған әсері…

Кеше блогшы қыздармен жақсы дос болып кеткен Жан-Айнаның шақыруымен Айко, Балдырған, Айкона, Көңілашар жиналып театрға бардық.

Жалпы жазбам спектакль жайында емес, одан кейінгі шай ішіп, басқосудағы болған пікірталас жайлы.

Қоғамдағы проблемаларға бейжай қарамау, о бастан біздің басты принципіміз болса керек, әңгіме темекі тартатын қыздар, кейін жалпы темекі тартатын адамдар төңірегінде өрбіп кетті.
Осы уақытқа дейін темекі тартатындарға ешқандай [...]

Ақын… Періште… Махаббат…

Бүгін қазақ лирикасының атасы саналатын біртуар ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туылған күні.
Қазақтың махаббатын жырлаған, сағыныш пен мұңды, өмір мен өлімді жырлаған ақынға деген менің махаббатым ерекше.
Бұрын кішкентай кезімізде әкем Мұқағалидің кітабын алып, бізге өлең оқып бергенді жақсы көретін. Кішкентай, кітап толған сөренің ең көп оқылатын кітабының бірі осы Мұқағалидің кітабы болатын. Сондай өлеңдерді тыңдап, кейін [...]

Жіберілмеген хат

Саған арналған хатымды неден бастарымды білмей отырмын. Әйтеуір бойымды сағыныш билеп алғанын білемін. Жазғым келді… Арамыздың алшақтағанына біраз жылдар өтсе де мен әлі сені ойлаймын, сағынамын… Оның бәрі сенің орныңды ешкімнің де баса алмағанынан. Болашақта баса ала ма екен деген сұрақтар да жиі мазалайды.

Елдің көңілін қалдырудан да шаршадым, алдыма келгеннің бәрін сенімен салыстырып, әркез [...]