Өмірлік пәлсапалар…

Тұңғиық қараңғыдан шығып, өмірмен таныстым. Алғашында жарықты көріп, қорықтым. Жыладым…
Кейінірек жарықпен өмір сүруді үйрендім. Бірақ өмірдің қараңғы жағының көбірек екенін көрдім. Шошыдым.
Ең жақындарымды қараңғы жерге салдым. Тағы да жыладым…
Өмір сүруді үйрендім.
Туудың – өмірдің бітуінің басталуы екенін, одан кейінгі уақыттың өлімнен
ұрланған уақыт екенін ұқтым…
Уақытпен таныстым. Уақытпен жарыстым да…
Уақытпен жарысуға болмайтынын, уақытпен тату жүру керектігін уақыт өте [...]

Google мінез

Асхаттың бастауымен өзіме сурет-мінездеме жасадым
1. Атың кім?
2. Сүйікті фильмің?
3. Сүйікті сусының?
4. Өскенде кім болғың келеді?
5. Қазіргі көңіл-күйің қандай?
6. Бір сөзбен өзіңді қалай сипаттайсың?

7. Арманыңдағы қала?

8. Туған қалаң?

9. Сүйікті түсің?

10. Сүйікті тамағың?

11. Дүниедегі ең қатты жақсы көретін нәрсең?

12. Сүйікті мекенің?

Наурыз бата

Ниеттерің ақ болсын,

Наурыздың ақша қарындай.

Бастарыңа бақ қонсын,

Шашыңның барлық талындай.

Санасы өсіп адамның,

Көңілде кір қалмасын.

Құты қашып жаманның,

Жақсы тапсын жалғасын.

Тыныш болсын даламыз,

Түгел болсын нуымыз.

Таза болсын ауамыз,

Тұнық болсын суымыз.

Қатыгездік жоқ болсын,

Оралмасын кез өгей.

Кірісіміз көп болсын,

Бүгінгі Наурыз көжедей.

Аллаһу акпар!
Авторы: Оразақын Асқар

Қазақ елі наурызды қалай қарсы алған?

Қызыр түні – Жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде, “жалғыз шала сәуле болмас” деп терге қос шырақ жағылып қойылады. “Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады. “Береке басынан басталады” демекші, “жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады”. [...]

Көктемгі жаңбыр

Қалаға жаңбыр құйды,
Жолына қарап тұрмын,
Жолына қарап тұрмын тереземнен.
Қоштасып сен кеткенде,
Дәл осындай көктемде
Дәл осындай көктемде – келем деп ең.
Өтті міне, көктем талай
Ұмыттың сен мені қалай?
Жүзің арай, сөзің балдай
Күте, күте көзім талды-ай
Ал жаңбыр шелектеуде,
Жылады теректер де.
Жылады теректер де, сусып алған.
Сағыныш керек неге?
Әйтеуір сол көктемде
Әйтеуір сол көктемде бір сыр қалды-ай.
Өтті міне, көктем талай
Ұмыттың сен мені қалай?
Жүзің арай, сөзің [...]

Үнді қызы Индира…

Халқымызда айдың сұлулығына балап қойылған есімдер өте көп. Хинди тілінен аударғанда Индира – «ай» мағынасын береді екен. Қазақ қыздарының ішінде жиі кездесетін осы есім – шығыстың құрметті саясаткер әйелдерінің бірі – Индира Ганди есімімен тұспа-тұс келсе керек…

Индира Ганди – шығыс әйелдері арасынан шыққан тұңғыш үкімет басшысы -1917 жылы, тәуелсіз Үндістанның алғаш премьер-министрі Джавахарлал Нерудің отбасында [...]

Ақылмен жуынамыз

Бетті макияждан тазарту түк те емес сияқты. Бірақ көбіміз мұны неге дұрыс істемейміз? Осыған байланысты бірнеше кеңес.

1. Екі рет жуыныңыз.
Макияжды кетіру үшін макияж кетіргіш затты аямаңыз. Процедураны 2 рет жасаған абзал. Косметиканы ізін қалдырмай тазалау қажет. Әйтпеген жағдайда безеу мен тері асты қабынуларының пайда болуына үлес қосуы мүмкін.
2. Жылы су.
Макияж кетіргіш затты саусақтарыңызды ұшымен [...]

Ана! Сен бақыттысың!!!

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
(М. Мақатаев)

Барлық [...]

Қазақтың қызы

Ғажаптың бәрі өзінде,
Көзінде сұлу әлемі.
…Әдебі әрбір сөзінде,
Жан емі- оның сәлемі.

Келбеті күнге келіскен,
Нәзіктен нәзік сыр ұққын.
…Бесіктегі әппақ періштең
Бастауы әдеміліктің!

Пәк болып туған о бастан,
мүсіні мыңды арбаған.
Көңілі оның Көк аспан,
Көркінің құны бар ғалам!

Қыздары олар даламның,
Таусылмас жылы бір лебі.
…Мәншүк пен Әлиялардың
Сүйкімді сіңілілері.

Даладай дархан [...]

Japan Street Fashion

Қоңыр курткалар мен джинсыларды көруден жалықтыңыз ба? Онда сәнді Жапонияға бет бұрыңыз. Егер қайталанбас стильді, бойы ұзын, аяғы түзу жапон қызын кездестірсеңіз – сіз бақытты адамсыз…