Гректер мен қазақтардың ұқсастығы: бір фильмнің желісі бойынша

Алдыңғы демалыста «Моя большая греческая свадьба» киносын қарауға мүмкіндік туды. Қарап отырып, гректердің қазақтарға ұқсас мінездерін тауып, еріксіз күлумен болдым.
Мені жастайымнан ұлттық рухқа тәрбиелеп өсірді. Сен қазақсың, қазақтың қыздары мынадай болуы керек, мына қылығың теріс, мынау дұрыс деген сияқты…
Менің әкем былайынша көп мәселеге объективті қарайды. Бірақ дін, ұлт, тіл мәселесіне стереотип өте қатты. Бұл жағынан [...]

I can see your halo…

Halo – орысша нимб деп аударылады екен. Нимб сөзін қазақша аудара алмадым… Бізше айтқанда періште шығар…
Бейонс Ноулздың шығармашылығына сыйластықпен қараймын. Әркез өлеңдері сәтті шығып жатады, клиптері де тамаша.
Шетел әншілерінің өлеңдегі атмосфераны, көңіл-күйді тура жеткізе алатындарына тәнтімін. Тіпті, кейде өлеңнің мағынасын түсінбей, жәй әнді тыңдап тұрғанда да шамалы не жайлы айтып жатқандығын елестетуге болады.  Кейін [...]

Сағыныш деген…

Ұйқымды ұрлап, ойларға бастап не түрлі
Арада жатыр арызы бітпес құба түн.
Сағыныш бірақ, сарқылмас сәуле секілді
Жарығыменен жырақты жалғап тұратын.
Ойымды матап, кеудеге байлап ұятты,
Сенімсіз, сәтсіз күтуден қандай таптым мән.
Сағыныш бірақ, сары жапырақ сияқты,
Жетпесең енді үзілемін деп шақ тұрған.
Оятып таңда, таласа тастап әр ізді,
Аңсаған көңіл өзіммен ғана көз ілмек.
Сағыныш сенің беймаза бейнең тәрізді
Тынышымды алшы, елесің емес, өзің кеп.
Телміріп [...]

Тамырына үңілу

Орыстың «Зри в корень» пәлсапасын осылай аудардым.
Соңғы кездері әр нәрсенің түбіріне үңілуге көп дағдыланып жүрмін. Бір проблема қандай да бір өз ойымды айтпас бұрын, проблема қайдан шықты, неге осылай, кім кінәлі, немесе кінәлі адамды іздемеу де керек шығар деген ойлармен күйзелетін болдым.
Кейде үйдегі бір жәйттарға немесе жалпы өмірдегі бір құбылыстарға байланысты көп ойлануды шығардым. [...]

Баркэмп және қазақ тілі

Yvision.kz сайтында өткен аптада болған Баркэмп, және ондағы қазақ тілінің рөлі жайында Молдатаев деген никті мырза өз ойын подкаст арқылы жеткізіпті.
Өз басым қазақ тілді жазатын блоггерлердің көбін танитындықтан және қазақша сайттар жасайтын Аршат, Ерлан Оспан, Бақытнұрларды білетіндіктен біраз оның сөздерімен біраз келіспедім. Қазақша жазатындар және пайдаланатындар бар, бірақ Баркэмпке қатыспаған болар…
Сондықтан қазақ сайттарының, жалпы [...]

Ғашық екенсің, сендік, дачы…

Құлаққа жағымды әндер мен соңғы жаңалықтарды естіп тұруға ең қолайлы жол болғандықтан, радио толқындарынан ұзақ сәтке айрылмауға тырысамын.  Бірақ, кейбір арналардың (кейде бірнеше) бір өлеңді бір күнде 100 рет айналдыра беруінің арқасында ең топас деп тапқан әнді өзің ыңылдап қалай айтып жүргеніңді білмей де қаласың.
Соның бірі «Винтаж» деген топтың «Ева» әні.

Әннің мәтініне құлақ салсақ:

Слёзы – [...]

BarCamp: бардым, көрдім, жаздым…

Сенбі күні жол түсіп, Балдырған, Айкона, мен – үшеуміз Баркэмпке барып қайттық. Көптен бері блоггерлік өмірдің дәм-тұзын бірге татып жүрген Әлияны да көріп қалу мүмкіндігі туды.
Жалпы, Баркэмптің жұмысы, жобасы өте ұнады. Интернет әлемінен көп ақпарат алуға болады екен. Өзім қатысқан 3-4 сағатта бірнеше презентацияларға қатысып шықтым. Соның бірі – қазақстандық мобильді блогы –  Moblog болса, [...]

Мейрамханаға бара қалсаңыз…

Арнайы Сатыбалды үшін приборларды қалай ұстау әдебі. Үйретіп жіберіңізші деген соң, сұрауын жерге қалдырмай, мәдениетті тамақ ішуге бір көмектесіп жіберейін дедім.
Сіздер де біле жүріңіздер. Астындағы түсініктемелер орысша болып тұр. Сатыбалды тамақ дайын болып барады, болыңыз деген соң,  аударуға уақыт болмай қалды, ренжімеңіздер…

Арпалыс

Бірде атасы немересіне мынадай әңгіме айтыпты.
- Әр адамның ішінде қасқырлардың арпалысындай күрес жүріп жатады.
Бір қасқыр зұлымдықтың: қызғаныш, көреалмаушылық, опық, өзімшілдік, кеудемсоқтық, өтіріктің атынан шықса, екінші қасқыр – бейбітшілік, махаббат, үміт, мейірімділік, шындық, кеңпейілділік, сенімділікті құрайтын – ізгіліктің атынан шығады.
Немересі осыны естіп, біраз ойланып: – Ал соңында кім жеңеді? – деген сұрақ қояды.
Атасы жымия күліп:
- [...]

Үнсіз қалсам, ұғарсыз…

Жылдар бойы бәлкiм, сiздi iздегем?!
Сезiмiмдi жеткiзем деп
Сөз қалмады тiзбеген.
Жүз сөзге де сыймайды сағынышым,
“Хат жаз” дейсiз.
Қалай және не жазамын сiзге мен?
Тағы, тағы жанарыма қонақтады шық арсыз…
Жылы сөзге мен сияқты сiз де зәру шығарсыз.
Жүрегiмнiң тiлiнде ғой айтпағым,
Үнсiз қалсам, ұғарсыз.
Құралай Омар