Алтыншы сөз: Тойсыз қазақ – қандай қазақ?

Маған қазақты көп кемсітесің деп ұрысып жатыр. Шындығында, кемсітейін деп кемсіткенім емес, көрген-білгенімді жазғаным. Қазақтардың білімсіздігіне ішім ашиды. Көбі толыққанды өмір сүре алмайды ғой, көпке ұмтыламын деп, бір жағын жамай алмай жатады, барыма базар боламын деп, оны да, көп кезде қарық қыла алмайды.
Осының бәрі, кейде ойлаймын, білімсіздіктен шығар деп… Мақтайтын кездерде мақтаймын, ал егер [...]

Адамдар, осынша агрессия қайдан?

Ия, адамдар әртүрлі. Кейбірі сырттай күліп, іштей қай жерден итеріп құлатсам екен, қай жерден шалсам екен деп тұрады. Кейбірі тұрған жеріңде езіп кетуге дайын.
Блог – әркімнің өзіндік жеке мәселесі. Жазғың келе ме – жаз, жазғың келмей ме – жазба. Жазған екенсің барлық комментке шыда деген ғой.
Түсінемін, орысша сайттардың саны жетіп, артылады. Ондағы [...]

Ум Мане Падме Хуум! (с) Сатыбалды

– Кинотеатрға неге бармайсыз дегенде…
Байқамай қазақ киносын көрсетіп қалып, көрермендердің көзінше құсып қоямын ба деп қорқамын…

- Жұма күнгі намаз жайлы…

Жыным келед, әжесстің! Барлық күні оқылсын! Сәрсенбі не, тоқалдан туды ма? Әлде Бейсенбіні календар жолдан тапқан ба?

– Жастық эликсирі тақырыбында:

Ахрамин бұтағын қайнатып, грек жаңғағының бұтағымен былғап, түнде екі реттен тартып жіберіп тұру керек.

- [...]

Ғашық оты жанады – жана берсін, жұбайлардың жолдары бола берсін…

Сенбі күні Балдырған екеуміз ат шаптырып, қазақша блог жүргізу үрдісінің тұңғышытарының бірі саналатын, қазіргі таңда Birge.kz сайтының админі болып жүрген Қуаныштың шақыруымен үйлену тойына барып келдік. Жалпы интернеттегі таныстарымның бұл бірінші тойға шақыруы және бірлесіп бірінші рет баруым.
Қуаныш үшін өте ризамын. Әсел келініміз өте сүйкімді де, әдемі екен. Екеуіне ұзақ ғұмыр, үбірлі-шүбірлі болып, бақытты [...]

Терме тыңдайсыз ба?

Бұрын атам термелерді өте жақсы көруші еді. Ал мен болсам мүлде тыңдай алмайтынмын. МузАрттың концертінен кейін Мейрамбектің орындауындағы термені тыңдап, маған термелер басқа қырынан ашыла бастады. Әр сенбі сайын, бәрімізге жақын дос Ертай Нүсіпжановтың жүргізуімен «Сегіз қырлы» атты бағдарламада да небір керемет термелер айтылады. Әзірге көбімізге танымал Майлықожаның термесін жариялаймын. Терме 19-ғасырларда жырланса керек, бірақ [...]

Ойпырмай… немесе «Қымбатты» менің балаларым…

Осы фильм шыққан бойда қарауға мүмкіндік тумады. Негізі қазақша фильмдерді көруге асықпаймын неге екені… Бәлкім, менің тізімдерімде авторитет жинап үлгермеген болар. Сөйтіп, демалыста режиссер Жанна Исабаеваның түсірген фильмін көріп, жазғым келіп кетті. Сосын бүгін Балдырғанның мына жазбасы да түрткі болды.
Соңғы уақыттарда шыққан қазақ фильмдерінің ішіндегі ең сәтті шыққан фильм дер едім. Өмірдің, қаланың шынайы көрінісі. [...]

Интернет және біз

Міне, 2 жарым жылдай болды, мен және интернет екеуміз айрылмай, дос болып келеміз. Және де интернетпен өткен жылдарыма мен еш өкінбеймін. Қайта қайталап, қалай өткізер едің десе, дәл осылай өткізер едім деймін. Интернет өзгерткен менің мынадай 5 нәрсем бар:
1. Көрегенділік. Интернет арқылы адамдарды тани бастадым. Қырларын, сырларын, сөйлегендеріне қарап, ішкі болмыс пен сыртқы қалпын ажырата [...]

Сәлем, әлем!

Әдемі саусақтарыммен пернетақтаны тарсылдатып мен де жеттім. Блогымды сағынып қалыппын. Бірақ келер сәтті ойладым да, енді кімді оқып, қайда, не жазармыз деген де ойлар мазалады. Көбіне мәлім, менің интернет әлеміндегі өмірім, жаңа леп сыйлаған Solai.de сайты болатын. Өкінішке орай, қазір жұмысын тоқтатты. Пір тұтып, сыйлайтын адамым Сатыбалдының сайты да жоқ болды. Қазақша интернетті бастаушылардың (алғашқылардың) [...]

Біраз уақытқа дейін…

Жүгіретін біреу болса қол созып…

Кей кездері ортайғаным түк етпес,
Жап-жас болып қартайғаным түк етпес.
Менің жайнап жүруіме ішінен,
Бұл әлемде біреу болса тілектес.

Кей біреудің елемеуі түк етпес,
Мейірімге бөлемеуі түк етпес.
Аман болсын екі жұлдыз көктегі
Менің қиын бақытыма шын тілектес.

Қызғанбаймын тұстастарым шықса озып,
Түк етпес-ау көтерсем де қанша жүк.
Абайсызда жұрт ішінде сүрінсем
Жүгіретін біреу болса қол созып.
Күләш Ахметова