Бәрі де біз ойлағандай жаман емес екен…

«Даналық әркез қарттықпен келмейді, кейде қарттық өзі жалғыз келеді» деуші ма еді, осы алдыңғы тақырыпта кейбір қарт-зиялылардың сараңдығын әңгіме етсек, енді осы тақырыпта құптарлық бір хабар айтқым келіп отыр. Интернетті қопарып отырып, танымал жазушы-публицист ағамыз Әбіш Кекілбаевтың жеке сайтына тап болдым. Сайтты мына сілтемеден көре аласыздар. Қарап отырсаңыздар, дизайн жағынан да кем түспейді, тіпті видео, [...]

Зиялы қауымның кейбір кездері…

Алдында бір «Баспалар үйі»-не жұмысқа сөйлесуге шақырған. Маған негізі «Баспалар үйі» ұнайды. Ғимарат бұрынғы кезден бері жұмыс істеп келе жатқан, қазақтың байырғы интеллигент ақын-жазушылары жұмыс жасаған киелі жер. Қазір жекеменшік бизнестерге офис ретінде жалға беріліп жатса да, ғимараттың атмосферасы сол бұрынғы зиялылықты сақтап тұрғандай.
Барған кезде түйінім (резюме) жоқ болды. Флэшкамды інім жоғалтып қойып, сөйтіп құр [...]

Ойсыл қара

“Мен адамдар бір-бірімен келіспей қалғанында, бірін-бірі “малға” теңегенімен келіспеймін. “Мал екенсің, малсың” дейтіндей сыңайдағы сөздер дұрыс емес. О заманда, бұ заман, кикілжің, ұрыс-керіске малдың қандай кінәсі бар?! Мінсек – көлік, жесек – тағам, ішсек – сусын, соның арқасында аштан қатпай тірі жүрміз ғой! Адамгершілігі жоқ пендені пайдасы мол, бірақ сөйлеу қабілеті бұйырмаған төрт түлік малға [...]

Кеттік, Чиликке…

Құрбым Алматы облысының Шелек ауданына келін болды. Тойда бәрі ауылдың атын «Шелек» деп, толық айтқаннан басында оғаш естілетін. Неге екені, алматылықтардың көбі Шелек ауданын «Чилик» деп айтып үйренген. Топтас қыздар да «Чиликтенмін» деп айтатынын көп еститінмін.
Сол сөзді естіп отырып, қазақтардың кейбір қала, аудан, ауыл аттарын бұрмалап, орысша айтатындарын ойладым. Мысалы, ауылға бара жатқанда Үш-Төбе деген [...]

Өмір керек…

Қалтарыс, бұлтарысы мың сан қабат,
Қызық өмiр, ақырын тұрсаң қарап.
Бiреулердiң еңбегi еш, тұзы сор боп,
Бiреулердiң бақыты жүр сорғалап.
Қызық өмiр, кiм бiлсiн, сонысымен,
Аласы мен құласы, торысымен.
Тағдыр түрлi болғанмен, өмiр бiреу,
Ұнатамын өмiрдi сол үшiн мен.
Ұнайды өмiр ынтымақ, күресiмен,
Құр қалмайды ешкiм де үлесiнен.
Өлiп-талып жеткенде бақытына,
Шорт үзiлiп кей тағдыр түгесiлген.
Өмiрiме өзiмнiң таңданамын,
Қалмаймын деп қатардан қарманамын.
Бүгiнiмдi өткiзсем қиындықпен,
Ертеңiме үмтiпен алданамын.
Ұнатамын өмiрдiң [...]

Киноклуб жазбалары…

Борецкийдің клубы болмаса, сонау 1959 жылы түсірілген, көне фильмді қарауым, екіталай сияқты. Сөйтіп, тағы бір клубқа сапарымызда Федерико Феллинидің бастауымен, итальян киножұлдызы Марчелло Мастрояннидің өнеріне тәнті болдық. Фильм «La Dolce Vita», яғни «Сладкая жизнь» деген атаумен, сол жылдардағы сері жігіттің, былайша айтқанда «ловелас, бабниктің» өмірін баяндайды.
Фильмнің желісін ұзақ баяндамай, кадрларды еске ала отырып, бір сөзбен [...]

Достық…

… Міне, бүгін де Кірпі Аюға былай дейді:
- Екеуміздің дос болғанымыз қандай жақсы, ия?
Аю басын изейді.
- Елестетші, мысалы мен жоқпын, сен өзің жалғыз отырсың, тіпті сөйлесетін де ешкім жоқ…
- Сен сонда қайдасың?
- Мен жоқпын!
- Олай болмайды ғой, – дейді Аю.
- Енді олай болмайтынын білем ғой, – дейді Кірпі. – Жәй ғана, елестетші – мен үшті-гүйлі [...]

“Бабье лето”

Қазір бізде «бабье лето». Күз деген аты ғана болмаса, тура жаз мезгіліндей. Ақындардың шабыт шыңына өрлеп, біртуар туындылар жазатын уақыт, көңілдің түбіне түсіп, ойланар уақыт, уақыттың өтіп жатқанын тағы да бір күрсініспен еске алар уақыт, күзгі баққа барып, армандау уақыты. Бір сөзбен айтқанда, жанымызға үңіліп, рухани сырласу-жаңару мезгілі.
Көбіне «Бабье лето» күздің бастапқы мезгіліндегі суықтан кейін [...]