Көңілге хошымды аударма

Интернеттен Тұманбай Молдағалиевтың бір өлеңін орыс тіліне аударған нұсқасын тауып алдым. Екі нұсқада да тақырып жақсы ашылған сияқты. Өзіме қатты ұнады.
Түпнұсқасы:
Өмір маған кейде тау сияқты,
Шынына шыққым келеді
Өмір маған кейде бір жау сияқты,
Аяққа жыққым келеді
Өмір маған кейде бір бел сияқты,
Гүлдерін тергім келеді
Өмір маған кейде бір шөл сияқты,
Сусын бергім келедi
Өмір маған кейде бір [...]

Ел болам десең – бесігіңді түзе (с) М.О.Әуезов

Біздің жұмыста бір қазақ ағай бар. Негізінде коллективте қазақтар көп. Бірақ қазақша сөйлейтін қазақтар аз… Сол ағаймен кейде сөйлесіп қаламын, сонда бір әңгімесінде екі баласы да орыс мектептерінде оқитынын айтты. Жалпы ұлт тағдыры туралы әңгіме көп болатындықтан, ол біраз ыңғайсызданып, «Қызым мектепке барарда қазақ мектебіне бергім келген. Бірақ бір білімді ағам келіп, қазақша ол түк [...]

Сол баяғы өмір…

Демалыс күндері теледидарда мардымды ештеме болмай жатса, СТС (бұрынғы «Рахат») каналына қосып, Қайрат Нұртастың концертін көрсеңіз болады. Тыңдай берсеңіз, құлағыңыз үйреніп, тіпті кейін өлеңдерін ыңылдап айтып жүруіңіз де мүмкін.
* * *
Таңертең кесек ақшамен шыққанды ұнатпаймын. Көбіне, кешкісін соны қамданып, ұсақтап қоюға тырысамын. Бірақ ұмытып кететін де жағдайлар болады. Әсіресе таксиге отырсаң, жүргізушінің қайтарар ақшасы жоқ, [...]

kk.wordpress.com

Осы қандай да бір қазақ сайттары, не блогтарының алған бағыты теріс пе, әлде басқа қырсық шалған ба жолы болмай-ақ қойды. Қазақстандағы орысша сайттар, мысалы, bb.ct.kz сонау 2003 жылдан бастаған бағытынан әлі күнге дейін танымалдылығын жойған жоқ. Және сонымен қатар, осындай блогтұғыр болсын, сайттар болсын даму үстінде. Бізде тұрақтап қалған форумдардан massаgan.com шығар, оның да ара-арасында [...]

Түрік сериалдар – тәрбие құралы іспеттес

Айконаның мына жазбасынан кейін, біраз бұрын осы түрік сериалдарынан байқаған ойларымды жазуға түрткі болды. Кеше ғана газетімізде Израиль мен Түрік басшыларының сериал үшін сөзге келіп қалғаны туралы мақала жарыққа шығып еді. Онда былай делінген:
«Недовольство израильских властей, в частности главы МИД Израиля Авигдора Либермана, было вызвано показом в Турции новых серии популярного турецкого сериала «Kurtlar Vadisi» [...]

Әдемілене түсейік…

Соңғы кездері блогымда әдемілік жайлы мақалалар азайып кеткен сияқты, осы пробелды толтыру үшін арнайы пост қажет болды. Алдында бір үйде жатқан журналдарды ақтара отырып, пайдалы деп тапқан кеңестерді сіздермен бөлісе отырайын.
1. Көбімізде отырып жасайтын жұмыс болғандықтан, аяқты айқастырып отыру тіпті әдет болып кетті десек артық айтпайтын шығармын. Алайда бұл «арылу керек» әдеттердің қатарында екен. Аяқты [...]

Мүшел жас

Менің жасым 24-те. Кейбіреуінің айтуынша мен мүшел жасқа кірдім, ал кейбіреуі керісінше 25 жасында кіресің деп айтады. Осыны түсінбей-ақ қойдым. Барыс жылы келуімен менің жылым, сиыр жылы шығып кетті, сонда да мен 25 жасқа дейін мүшел жаста боламын ба?
Не болса да бірер сүйікті киіміммен хош айтысуға тура келді. Қай жағынан да салмақты аналитик болуға тырыссаң [...]

Асқазанның мейрамы :)

Бізге (Балдырған, Айкона, Айко, Айна-Мекен) қызыға да, қызғана да қарайсыздар-ау (әсіресе жігіт-оқырмандар), дәл 8-і күні сіздер Рождествоны сылтауратып демалып жатқанда, біз ең керемет аспазшы-блоггер Эльвира апайымыздың үйіне қонаққа барып қайттық.
Тура бір асқазанның мейрамы болды десек артық айтпаған шығармын. Эльвира бізді лазанья, оған қоса бутербродттар, пирог, ол аз десеңіздер тортпен де тойдырып жіберді. Өзінің ақ жарқын [...]