Жанкүйер едім…
- 03.02.10
- Айдары: Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Өз ойым
- 12 пікір
Бұрын, бұрын болғанда, енді, нөлдік жылдардың басында, менің 15-16 жасар кезімізде Қазақстанның қазіргі шоу-бизнесінің бастапқы көріністері пайда бола бастаған еді. Ол кезде Қазақконцерт арқылы ақша табу емес, ән өнерін бизнес екенін қазекемдер жаңа түсінген шақ болса керек, эстрадада бірінен соң бірі «дауыссыз әншілер» пайда бола бастады. Ол кезде енді біз жаспыз, кім жақсы өлең айтады, [...]
