Іш пыстырған өлеңдер…
- 04.09.09
- Айдары: Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Өз ойым
- 19 пікір
Қазақ өлеңдерінде ең көп кездесетін сөзер хит-парады:
1. Жаным
2. Аяулым
3. Ғашығым
4. Кеш немесе кешір
5. Жүрегім
6. Алтыным
7. Қарағым
8. Сүйдім, сүйген едім, сүйемін, кейбір кезде ғашық болдым, ұнаттым
9. Айым («күнім» емес)
10. Сезім.

М.Исабекованың барлық әндері іш пыстырады. Сосын Айқынның. Тағы кім бар еді? Есіме түсер емес.
Іш пыстырса бір сәрі. Адамның жүйкесіне тиеді ғой. Өлең деген аттан жұрдай сөздер топтамасы ғана. Сүйген, күйген, жылаған, сорлап қалған ғашықтардың сыңсуы бітпейді екен.
Өткен жылы ең сорлы әндердің ”TOP 10” жасайын деген едім, бірақ болмай қалды. Әуендеріне қарап емес, сөздеріне қарап.
Бірер сөздерді қоса кетейін. Шымкентке барғанда құлағым шалып еді.
1) жараладың
2) неге (көңілсіз өлеңде)
3) тағдырға не амал (тағдырда не жұмысы бар?)
Көп қой. Мүмкін, көп болғандықтан да теріп отыру қиын болар.
жүрегімді жаралап кеттің, ғашығым…
сезім отын… бірдеңе бірдеңе… (білмеймін)
***
сөйлеме маған, доғар сөзіңді
көрсетпе, жаным, мінезіңді… (Алмас Кішкенбаев)
***
қайтемін енді, шыдармын да
жүрегімді бір қинаймын да… (Азиз(?)-сенші маған)
***
жаным-ау, сағындым деп неге алдайсың,
сүйемін, ғашықпын деп тағы алдайсың… (білмеймін)
***
сүйем дедің сүйе алмадың – алдадың,
айтқан сөзге тұра алмадың – тұрмадың.
бақыттымыз деуші едік қой, жаным-ау жАным-ау…
неге, неге, неге, жаным алдадың… (білмеймін)
***
жаным, қалай жағдайың,
жүректесің әрдайым.
қайда жүрсең аман бол деп
әсем әуен арнайын(?)… (білмеймін)
***
бір ән бар еді ғой, “іздеймін таппаймын, тапсам да бақытты болмаймын” дейтін
)) ішім пыспайды
) просто, ішім қатып қалады
))
Ох…
“Жаным” сөзі әсіресе С.Жолбарыстың өлеңдерінде көп.
Жаным сөзі қосылмаған ән жоқ шығар (Бозторғайдан басқасы):-)
ля ля мен ммммм ды да сол қатарға қосып қою керек
Рифмалары топас болған өлеңдер ше:
Қарай алмадым, жарай алмадым, тарай алмадым
Бардым, Алдым, Салдым, Қалдым…
Сөзі, өзі, көзі – орыстың грезы слезы, любовь морковь дегенімен салыстыруға болатын өкшесі тесіліп, мойны созылған ұйқастар.
Көше әндері боп кеткен туындыларды әлдеқандай боп эстрадаға шығарып жүргендерге ішім пысады.
***
сүйем дедің сүйе алмадың – алдадың,
айтқан сөзге тұра алмадың – тұрмадың.
бақыттымыз деуші едік қой, жаным-ау жАным-ау…
неге, неге, неге, жаным алдадың…
бұл өлеңді тек көшеде гитарамен айту керек )))
***
Сосын ана өлең де:
Біреулер келер, біреулер кетер
Сонда, жаным, сен болмасаң қасымда егер
Нұр шашқан күндер, жұлдызды түндер
Бәрі де бекер…
- деген сияқты. Мұндай “дворовый” өлеңдерді Талғат Жорабаев пен Алтынбек айтуға құмар…
Қызық…бәріне бірдей сапалы өлең тие бермейді… барын айтады да…қолдарына тигенін…әрине, олар жүрекпен айтпағаннан кейін…іш пыстыратыны анық қой…
wahahaha, Baldyrgan oltirdin:))))
erinbei jazganyndy ai:))
ойлай берме мені, жаным, ойлай берме. ойлай берме.
шедевр өлеңдерден үзінді.
зы. айтпақшы Айым ай бар екен ғой
Еще Хит-ТВ арқылы бір-бірін жамандап, осы әндерге таласатынын қайтесің )))
janym sozi negizi en nazik, en jaksy soz goi:) magynasy men manyzdylygy osyndai olenderde jogalgan goi:) mumkin sol uwin de jigitter kyzynyn atyn esine tusire almasa, “kim edi… a, janym” dei salady:))))
mynda kommentirovannye olenderdin keibiri magan unaidy:( arine, man-magyna jagyna kelsek, kazirgi kezde el arasynda jurgen olenderdin jartysynan kobisi atu jazasyna ketedi goi:(
Қашан Сатекең кеп, “жаулап алды махаббатты” айтады деп отырмын..
махаббат тақырыбынан да өзге әндер бар ғой….
атамекен мысалы. немесе Сәби бақыты…
шыны керек, әндердің көбейгеніне қуанамын… бұрындары мүлдем жоқ еді ғой қазақша әндер, қазір, шүкір, таңдап тыңдайтын жағдайға жеттік…
негізі, біреудің өзін, сөзін, әнін жамандағаннан аулақпын…. сол себеп, ән жалықтырса, күй бар ғой қазақта….
айтпақшы, ағылшын әндерінің мағыналарын бір қараңыз, біздің жаным-таңым-әнім дегендер әлде қайда жақсы