Бәрі де біз ойлағандай жаман емес екен…

«Даналық әркез қарттықпен келмейді, кейде қарттық өзі жалғыз келеді» деуші ма еді, осы алдыңғы тақырыпта кейбір қарт-зиялылардың сараңдығын әңгіме етсек, енді осы тақырыпта құптарлық бір хабар айтқым келіп отыр. Интернетті қопарып отырып, танымал жазушы-публицист ағамыз Әбіш Кекілбаевтың жеке сайтына тап болдым. Сайтты мына сілтемеден көре аласыздар. Қарап отырсаңыздар, дизайн жағынан да кем түспейді, тіпті видео, ауди материалдарын да салып қойыпты. Сонымен қатар кітаптарының электрондық нұсқасы бар. Ағамыз жаңа технологиялардан қалмай, сонымен қатар жастарға ыңғайлы етіп, осындай насихат жүргізгені қуантарлық жәйт. Онымен қоса, танымал сатирик ағамыз Қаббас Қабышұлының да мынадай сайты бар екенін осыдан біраз уақыт бұрын білген болатынмын.

Шаң басқан кітаптарын сөрелеріне тыға бермей, осылай шығарып отырғандары өте дұрыс емес пе? Тағы да басқа ақын-жазушыларымыз үлгі алып, қазақ интернетін дамытса құба-құп болар еді…

  1. рахмет, жақсы болды :) біраздан кейін басқа да жазушыларымыздың кітаптары электрондық нұсқада жарияланады деп сенейік

  2. Блогымдағы сілтемелер тізіміне қосып қойдым. Әйтеуір жұмыс істеп тұратын сайт болады деп сенемін. Қателеспесем, Мұхтар Шахановтың да осы тәрізді сайты болатын. Ішінде тіпті әндер де болған.

  3. МАШАЛЛАХ!!! мынау бір тамаша сілтемелер екен! АРБ, Зере!

  4. Мынау бір керемет жаңалық болды мен үшін.

  5. Рахмет, Зере!

  6. Осындай сайттардың көбеюіне тілектеспін!

  7. М.Шахановтың сайты (http://shahanov.kz/index.php) жасап тұрушы еді, қазір ол да істемей тұр, Ғ.Қабыштікі де солай, бұрыннан тұр. Маңғыстаулықтар жарады, Әбішке 70-жылдығына жақсы тарту жасаған екен. Басқа ақын-жазушылардың сайттары бар ма екен?

  8. “АРБ, Зере!”
    …мына қысқарған сөз “Құраннан” алынған ба?

Пікір жазу