Қарбалас :)
Кезінде бәрімізге таныс Солай.де форумын шулатқан, әзілқой блогшы – Руслан Алматыға келіп, күндеріміз – жәй таң атыру, күн батыру емес, бас қосу мен көңіл көтеру болып кетті.
Сенбі күні блогшылар жиынын өткіздік. Өте сондай мағыналы да, байсалды бас қосу болды. Кездесуге Жан-Айна, Қуаныш, Балдырған, Айко, мен және қазақ форумының майталманы Ақұдай да келді. Қазақ интернетінің бірталай мәселесін шешіп тастағандай болдық.
Айконы блогын қайта ашуға үгіттедік, танысып, білісіп дегендей, керемет бір рухани азық жинап қайттық десек те болады.
Ертеңінде Кәмшаттың шақыруымен театрда жиналдық. Өзіме қойылым өте ұнады. Нағыз романтиктерге арналған екен.
Танысқанымызға 1 жылдан көп аса қоймаса да, форумшылар жақсы достасып, бұрыннан жақын адамдардай араласып кеттік. Бұл өте қуанышты жәйт деп ойлаймын.
Бұрындары форумда отырғанда, маған көбі айтатын еді, құр босқа уақытыңды құртып, не істейсің осы дегендей… Ал қазір қарап отырсам, сол форумның арқасында қаншама осындай керемет достар таптым. Барлығы дерлік ақылды, көңілді, әрі әңгімеге ашық адамдар. Сондықтан, Солай.де форумына үлкен рахмет!
Әрі Алматыға келе жатқан блогшылар немесе форумшылар болса да хабар беріп, кездесіп отырсақ жақсы болар еді.
Ертең тағы Yvision сайтының негізін қалаушылардың бірі Рауанмен және Гастербайтер деген никпен танымал Асқармен кездесу жоспарда бар. Асхат сенбі күнгі басқосуға келе алмады. Егер мүмкіндік болса, келсеңіз. Тағы да кездесуге келемін деушілерге – мархабат демекпіз )

қандай қойылымға бардыңдар?
Хммм, сенбі күні жиналамыз деп айтпадыңдар ғо
Әлия, “Сұлу және суретші” деген қойылым болды.
Асхат, сіздің соткаңыз өшіп жатты ғой деймін. Хабарласа алмадық…
Айтпақшы, Русланның фотоаппаратының батарейкасы отырып қалып, әлі суретке түсе алмай жүрміз ))
takyryby nege “karbalas”?
Күнде Русланмен қала қыдыру, кездесу, бас қосу деп қаңғыбас болып кеттік.
)
ертең кездескенше
Сәлем достар! Мынау керемет блогты жақында ғана ғаламтор әлемін шарлап отырып тауып алдым! Өте керемет! Атының өзі алыстан шақырады. Ақын…Періште…Махаббат… Қандай нәзіктік! Тамсанып қарап отырсаң да болады екен…
Бас қосу туралы жазған екенсіздер, оқып отырып бір қуандым, жандарыңыздан табылғым келгені де жасырын емес… Сәттілік әр ісіңізге.
қиялымыз қиялға
виртуалдан реалға
Ote kyzykti’da maginali kezdesu boldi!
“Sulumen suretwi” ote jaksi koiylym! Jaksining bari kyska degendei
иә, тамаша кездесу болды.
тек ертеңіне театрға бара алмай қалғаным. Үлкен қалада жұмыстарымыз жаңа басталып жатыр ғой.
Әлі де талай кездесулер болатынына сенімдімін.
ПыСы: Айконың блогын әлі таба алмай отырмын
)
[...] Русланнн ше. Кеше жұмыстағы қарбалас арасында Ақзере қоңырау соқты. “Жиналып жатырмыз. Келіңіз” [...]
Ох шіркіндер!
Әттең алыстамын…
Асекеңнің не үшін бармағаны белгілі шығар яғни түсінетін шығарсыздар
Сол күндер мен үшін тіпті қарбалас болып кетті. Русланннның бәрінен бұрын Байсеркеге барғаны тіпті тамаша болды. Сол жерде тұрып, барам дегеніме де біраз уақыт өтіп кетті, әлі бара алмай жүргеніме ұялдым
Рахмет, ханумдар мен мырзалар, кездесуге келіп, сыйлап жатқандарыңызға. Асекеңдермен де кездесудің сәті түсті. Модердің өзін көп көріп жүргенде, скромный админмен кездесу тіпті басты айналдырып жіберді
)
)
Қыздар, қарсы алғандарыңа рахмет
Руслан өткенде бұйырса үйленем деп жүр еді, сол мәселемен барды ма екен, а? Асхатты ескерткен едім, зайып алсаң өзің сияқты блоггер зайып алма деп.
Қызығып кеттім е мына кездесулерге. Ақтөбедегілермен бір кездесу ұйымдастырып жіберу керек ед…
Ай білмеймін, “Руслан” және “үйлену” деген екі бір әзірге байланыспайтын нәрселер сияқты…