Қорытынды-2009

Жылдың цитатасы: (Қазақша алай да, былай да аударсам келмей-ақ қойды, сондықтан орысша нұсқасын жаза берейінші).

«Дай мне Бог, душевного покоя принять то, что не могу изменить. Дай силы, изменить то, что я могу. И дай мудрости, чтоб не перепутать одно с другим».

Қатты бір қиналғанда Макареевичтің «Не стоит прогибаться под изменчивый мир, Пусть лучше он прогнется под нас» деген өлең жолдарын еске аламын.

Ал эгоизмім басым болып кеткенде: «Эх, будь что будет, я буду жить как хочу» деген Ф.Киркоровтың әні.

Жылдың үздік сайты:

1. Mail.ru (жәй, Мой мир қоғамдық желісіне үйреніп кеткенмін ғой деймін)

2. Wordpress.com (қазақ блогшыларын табыстырған керемет сайт)

3. Yvision  (Қазақ жастар бөілігіндегі орыс аудиториясының ойын білдім)

Жылдың ең үздік танысуы:

Мұрат (жас ақын) – поэзияны сүйіп оқитындықтан, менің ақын адаммен бірінші танысуым, дәмдес болуым мен үшін бір мәртебе болғандай.

Рауан – білдей бір сайттын, қарапайым админі. Өзі кішкентай болғанмын, ішкі жан дүниесі үлкен адам.

Руслан – 2 жылдай виртуал әлемде талай сырлас болған досымды, өмірде танысу мүмкіндігі түсті.

Елдос деген тағы бір досыммен виртуал таныстық орнаған. Бұл досыммен виртуалда өмірдің небір қилы тұстарын талқылап, қоғам, дін, жастар мәселесінің талай проблемаларын көтеріп тастағанбыз )))

Жылдың үздік тағамы:

Мамам дүнгендердің тағамы «Домляма» жасағанда, сондай қуанып кетемін, әсіресе қарным ашқанда ))

Жылдың үздік сусыны:

1. Сүтті шай. Әсіресе «Ерлан» пиццериясында, неге екені өте дәмді.

Жылдың үздік әсері:

Сүйікті болу

Үздік кеш:

Блогшы қыздармен «Сабах»-та жиналып, әңгіме-дүкен құрған күніміз еске түседі.

Осы жылда ашылған қызығушылық:

Борецкийдің клубына барып, фильмдер қарау, талқылау, рецензия жазып үйрену.

Орындалмаған арман:

Кризистің бітуі

Орындалған арман:

Өміріме мағына беретін рухани азықтың пайда болуы.

Жылдың ең үздік орны:

“Ерлан” пиццериясы

Рухани өзіндік жаңалық:

Қыз жолдас рөлінде болып көргендіктен бе, сол кездері өзімді үлкен адамдар қатарында сезіндім. Ата-анамның қолында ерке қыз болып өскендіктен, мұндай күй жаңа-жаңа  байқалып келе жатыр.

Үздік әнші:

Beyonce

Үздік ән:

1. Beyonce – “Halo”

2. Непара – “Милая”

Үздік фильм:

«Хатико: Ең адал дос»

Үздік актер/(актриса):

Наоми Уоттс (жаңа шыққан фильмдерінен емес, жәй осы актриса маған ұнайды екенін аңғардым)

Үздік кітап:

Януш Вишевский «Одиночество в сети»

Сессилия Ахерн «P.S. Я люблю тебя»

Ең керемет күн:

31.08.2009 – Көктөбе :)

Жылдың әділетсіздігі:

Бір құрбым жағынан бірер әділетсіздіктер болды. Дәл сол уақыттары көңіліме қаяу түскенімен, кейін бәріне көз жұмып «Біреудің саған деген әділетсіздігіне жүйкеңді жұқартқанша, өзіңе жақсылық тіле» деп өзіме лайық мақал шығарып алдым )))

Ең керемет адам:

Менің сүйіктім

Жылдың сыйлығы:

Жалпы осы жыл сыйлыққа өте бай болды. Әрқайсы сондай ыстық, сондай маңызды, әрі мені қуантқаны соншалық, өзімді бақытты адам сезінген кездерім болды.

Жыл басында Салтуч маған әдемі шашқа қыстырғыш сыйлаған еді, маған қатты ұнады және  әлі күнге дейін тағып жүрмін.

Ал ұялы телефонымды ұрлатып алып, не істерімді білмей жүргенде, бір досым ұялы телефон сыйлап, менің бір проблемамды жоқ етті. Оған деген алғысым әлі толастар емес.

Сүйіктіммен сыйланған әдемі көйлек. Оххх…. жалпы менің қайта махаббатпен қауышуым осы жылдың ең басты сыйы болды.

Керемет жаңалық:

Осы жылы екі жақын құрбым тұрмыс құрды. Олардың өз жұптарын тауып, бақытты болғандары мен үшін де үлкен бақыт.

092e90ecc577cd4edb122d9418083d22

Салтанаттан алдым, әрі қарай Аршатқа тапсырамын.  :)

  1. тамаша қорытынды :) тамаша мерекелік эстафета

  2. Орындалған арман: Өміріме мағына беретін рухани азықтың пайда болуы.

    және

    Ең керемет адам: Менің сүйіктім

    бір-бірімен байланысты ма?! :) )

  3. Былтырғыдан есейгенің сезіледі. Енді келесі жылғы керемет жаңалығың өзіңнің тұрмыс құрғаның болуына тілектеспін!

  4. Салта, солай болуы да мүмкін :)

    Әлия, Гаста, рахмет!

  5. Балауса қыз едің бір кезде
    Шашыңа ақ бантик байлаған
    Өзгеріп кетіпсің бұл күнде
    Көркіңе көз тастап ойланам

    :) ))

    Ақ бантигің ақ фатаға айналсын ;)

  6. Кхм-кхм… сендер мені алысқа апарып тастадыңдар ғой… )))
    Құдайдың жазғанын көреміз да, рахмет ниетіңе :)

  7. Келесі жылы осыданда үлкен табыстарға жетіңіз деп тілеймін ;-)

  8. Муза тегін беріп жатыр екен ойбай,
    Екі штугін мен де алайын қоймай-қоймай,

    Жаңа Жылдық жыр арнайды Гастар сізге,
    Келмейсіз бе қонақтап Zhastar.biz- ге:))))

  9. Жақсы қортындылапсыз.
    Келесі жылы – Қыз жолдас рөлінде болып көргендіктен бе деп айтпайтын шығарсыз.
    Сізді көптен білемін сізге лайым бір Романтика…… Принц……ия Зере.

  10. Жаңа жылда – Жаңа өмір ! Зере досым жаңа жыл өмірімізге тек жақсылықтар мен жақсы өзгерістер әкелсін !

  11. Тамаша қорытынды! Жүрегі махаббатқа толы періште қыздың кілтін тапқан принцте арман жоқ шығар! Жаңа жыл жаңа қызықтарға толы болсын! Амандық болса 2010 да кездескенше!!!

  12. Рахмет көп-көп! Сіздерге де Жаңа жылда үлкен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін!

  13. Келер жылдың да сыйлықтары көп болсын !

  14. барыс жылы табысты болсын!!! (Хатико маған де ерекше ұнады, оның жарнамасын жасаған сіз болатынсыз :) )

  15. Рахмет қыздар! :)

  16. жаксы жазылган корытынды екен,ылайым куанышын кобейе берсин Зере! сен ушин куаныштымын.)

  17. …жылағым келіп отыр!

  18. Қорытындыға дүйсенбі, тойыс базар жоқ :) .
    “Ерлан” пиццериясы Момышұлы көшесінің бойындағы ма?

  19. Нақұрыс, не боқалды?

    Тупаку Амару, дәл солай. Екінші этажы жақсы. Маған ұнайд.

  20. Маған да ұнайды ол жер. Зар илеп алатын платамыз қолға тигенде семьямызбен баратын сүйікті жеріміз. “Спутниктегі” “Бэбилоннан” кейінгі :)
    Халал кафе іздеушілер үшін таптырмас орын, айтпақшы. Пибілеткісі келетіндерге де дәл қасында арнайы кафесі тағы бар, ол да осы пиццерияға қарайды.

  21. Мен де дәл осылай былтырғыдай қорытынды күткен едім,Ақзере қыздан. Жарайсың! Жаңа жылдарыңызбен!

  22. Жаңа жыл құтты болсын! )))))
    ***фуф басым-ай….

  23. Ақзере, сүйікті болғаның қуантты!

  24. Рахмет! :)

  25. Zere, Jana jyl kutty bolsyn! bul jyl da janalyktarga toly bolsyn! syilyktar kop bolsyn!

  26. Жаңа жыл, құтты жыл болғай! Зор денсаулық тілеймің! Жасай беріңіз, сұлу қыз!

  27. [...] Жыл қорытындысы Қорытынды-2009 [...]

Пікір жазу