Асқазанның мейрамы :)
Бізге (Балдырған, Айкона, Айко, Айна-Мекен) қызыға да, қызғана да қарайсыздар-ау (әсіресе жігіт-оқырмандар), дәл 8-і күні сіздер Рождествоны сылтауратып демалып жатқанда, біз ең керемет аспазшы-блоггер Эльвира апайымыздың үйіне қонаққа барып қайттық.
Тура бір асқазанның мейрамы болды десек артық айтпаған шығармын. Эльвира бізді лазанья, оған қоса бутербродттар, пирог, ол аз десеңіздер тортпен де тойдырып жіберді. Өзінің ақ жарқын күлкісімен есіктен қарсы алып, шығарға дейін күтіп жібергеніне үлкеееен алғыс! Үйдегі атмосфера, жылулық, жайлылық бәрі өзіне сай, өзіне сондай жарасымды. Басқалай елестету де мүмкін емес еді…
Бұрындары ТВ-дан «Едим доманың» жүргізушісі Юлия Высоцкаяға қызығып, «Наверно в следующей жизни, когда я стану Юлей Высоцкой на-на-на» деп әндетіп жүретінмін. )) Алысқа бармай-ақ Эльвира апайымыздай болсақ қайда жатыр.
Қайда жүрсеңіз де аман болыңыз! Онымен қоса блогыңыз да аман болсын! Біз сияқты “начинающийларға” берер үлесі өте зор, сеніңіз!

Тамаққа гурман емеспін. Бірақ көп ақуызы бар тамақ болса, нәәәәәм-нәм…Сосын тәттіқұмармын. Бәрін қойш, торт қалай екен?
Сөзсіз, “өсиет әңгімелер” де айтылып, суретке де түскен боларсыңдар
Иа, жақсы кездесу болды. Әсіресе лазаньяны айтсаншы!!! Әлі күнге дәмі кетпей жүр аузымнан.
Тортта супер! Эльвира апайға көп-көп рахмет!
“Тойың тойға ұлассын!” демекші, ендігіде бізде (жігіт-оқырмандар) бірге барайық
КүЧт екен: Арақсыз отырыстың күЧт болД дегенін алғаш естуім…
Торт супер! Маған ең ұнағаны торт!
қыздар, жер шынымен домалақ екен
)) кездейсоқтық болмайд дегенге аздап скептически қарайтын едім
сіздермен танысқанымда бір сыр бар
))
Расымен де, естен кетпес кездесу. Оразада ауышашарына да бардық Эльвира қыздың. Қолыңыз дерт, жаныңыз жамандық көрмесін! Блогшы қыздардың сыйластығы ұнайды! АЛЛА разы болсын!
қыздар, сендерге рахмет! келгендеріне, сыйлықтарыңа, жылы әңгімелеріңе!
үйді білесіңдер, енді бір күні суши-party немесе наурыз көжеге де күтемін. міндетті түрде.
п.с.: Ақзере, тым қатты мақтап жіберіпсің ғой (*:
Көргенді тура жеткізу керек қой енді..
tort degen nicho
Elviranyn mamasynyn nauryz kojesi super!!