Мүшел жас

Менің жасым 24-те. Кейбіреуінің айтуынша мен мүшел жасқа кірдім, ал кейбіреуі керісінше 25 жасында кіресің деп айтады. Осыны түсінбей-ақ қойдым. Барыс жылы келуімен менің жылым, сиыр жылы шығып кетті, сонда да мен 25 жасқа дейін мүшел жаста боламын ба?

Не болса да бірер сүйікті киіміммен хош айтысуға тура келді. Қай жағынан да салмақты аналитик болуға тырыссаң да, ырымшылдық біздің қанымызда бар қасиет сияқты. Әсіресе сенің амандығыңды тілеген аналар бірінші дүрлігеді ғой. Мүшел жасқа сенген менің анам, кейін мен де ана болып, балаларымды киім үлестіруге үгіттейтін болармын. Бірақ дәлірек айтыңыздаршы қашан кіріп, қашан шығады өзі? ))

  1. Туған жылың келгенде мүшелден шығасың.
    Яғни 25-ші туғае күнің сенің мүшел жасқа толған күнің.
    Яғни 1-ші Қаңтарда 25-ке толатын болсаң, соған дейінгі бір жыл сенің мүшелі жылың.

  2. 13-25-37-49-т.с.с.

  3. Жыл қайыруды көктемнен бастайтын болсаң, әлі де уақытың бар тәрізді :)

  4. менің білуімше, 24-ке толған күні кіресің де, 25-ке толған күні шығасың мүшелден.Бірақ, шатысуым да мүмкін.

  5. Маған да мүшелге кірдің деп жатыр. Наурыздан басталады-ау деймін.

  6. менің мамамда мүшел жасқа байсалдылықпен қарайды

  7. Алдыңғы күні осы ой пайда болды, жиналған компанияда.
    Туған күн иесі жиырма беске толып жатыр еді, ал, кім шығарғанын білмеймін, жиырма бес жасты тойлауға болмайды деген ырым бар екен. Ал екінші вариантты ұсынған кейбіреулер мүшел жас – жиырма төрт дейді, яғни, осы жылы жиырма төртке толатындар тойлауға болмайды екен.
    Сонымен, он төрт минут пікірталастың нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік.
    Әуелі мүшел жасты жиырма төрт қылып қабылдаймыз да, сосын тойлаймыз. Бір-екі күннен соң, той әбден тарқағасын барып, әркім өзі қалаған жасын мүшел жас етіп таңдай беруге құқылы (келесі жиналғанға дейін, әрине)…
    ЗЫ. Несі бар. Есесіне, жақсы тойладық.

  8. Менің мамам 12-13 жасымда жақсы көретін пальтомды көрші қызға сыйлай салған, маған айтпай, екі-үш күн бұртиып жүргем мамама! Әлгі қыздын үстінен көргенде, өләә, сенің менікі сияқты екен дегем ғой, сөйтсем, сенің мамаң берген дейді, жынданғанымды айтсайш :evil:

  9. біз түк ойламай өтіп кеттік баяғыда. жалпы өзімнің қазіргі жасымды да шатастырып ала беремін нешеде екенімді.

    Ырымға сену ширк деген жоқ па Эльвира? әлде қыздарда ондай бола бере ме ширк саналмай?

  10. Бұрын мүшел жас – 12, 24, 36, 48, 60 жас. Мүшелге жасқа келгеніңде, аптаматты түрде жасыңа бір жас қосылып айтылады, яғни 24-те болсаң, 25-те болып есептелесің деген бір әңгіменің шетін естіп алып, солай ойлап жүргем ғой (Мұндай теориясымақтан хабарларың, немесе ентыкыларың бар ма?).
    Кейін біреулер шықты, мүшел жас деген 25 жас деп.
    Сөйтіп жүріп, қай теорияны ұстанарымды білмей, мүшелдің қашан келіп, қашан кеткенінен бейКТК күйде жиырма алтыға жетіп алғанбыз :)

  11. Шынымен де, қайсы, қай жыл деп мән бермей жүре берген дұрыс-ау… ))

    Киім беру жайлы айтпақшы, менің жақындарымның осы ең қымбат киім сыйлау туралы жаман естеліктер қалыпты көбінде :)

  12. Уа, мүшел жастың қыр-сырын мүшелерінің қыртысынан кем танымайтын, жамиғат! Жұртқа беретін киімнің белгілі бір критерийі бар ма? Әлде, ауы сарғайған шалдамбалдарыңды сандыққа салып сары алтындай сақтай тұрайын ба?

  13. Мушел жаста сыйға беретін киім негізі өзіңнің колданып,киіп журген жане де қимайтын,өзің ең жаксы көретін бір киімің болуы шарт.
    Кейде устімнен бір жаксы киім коріп калса достарым “мүшел жаска кашан толасың” деп әзілдеп жатады гой:)

  14. Нақұрыс, жауапқа қанағаттандың деп ойлаймын..))

  15. қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді дейді ма? негізі жас мүшел ме, әлде мүшел емес пе маңызды емес, Алла сақтаймын десе сақтайды, ал өзіме қайтып алам десе қайтып алады. Жуырда ата-анам жол апатына ұшырады, Аллаға шүкір аман сау, түк болмады, тіпіт көлік те сау, болмаса авария өте ауыр болған екен. Айтпағым, бәрі де Алланың қолында! ырымға сенгенше, Аллаға сен :)

    киім демекші, оны мүшелге келмей ақ садақа қылып беруге болады ғой :) ))

  16. mdaa:))) anygyn bilmit ekem

  17. Менің білуімше, 24 жасқа толғаннан бастап кіресің де, 25-ке толғанда шығасың, яғни шатыспас үшін өзіңнің жылыңмен еспетеу керек. сөзіңе қарағанда барыс жылы туылғансың, олай болса осы жылы болатын туған күніңде мүшел жасқа кіресің

Пікір жазу