Түрік сериалдар – тәрбие құралы іспеттес
- 15.01.10
- Айдары: Музыка, кино, жұлдыздар әлемі, Педагогика, психология, Өз ойым
- 12 пікір
Айконаның мына жазбасынан кейін, біраз бұрын осы түрік сериалдарынан байқаған ойларымды жазуға түрткі болды. Кеше ғана газетімізде Израиль мен Түрік басшыларының сериал үшін сөзге келіп қалғаны туралы мақала жарыққа шығып еді. Онда былай делінген:
«Недовольство израильских властей, в частности главы МИД Израиля Авигдора Либермана, было вызвано показом в Турции новых серии популярного турецкого сериала «Kurtlar Vadisi» («Долина волков»), запущенного еще в 2003 году и вызвавшего с первых дней трансляции не только обвинения в антисемитизме, но и возмущение американских властей. По сериалу в 2006 году был снят самый дорогой турецкий фильм “Долина волков: Ирак”, также вызвавший резкую критику Запада. В очередном эпизоде сериала, освещаются действия израильской разведки “Моссад” на территории Турции, где похищает турецких детей. По сценарию сериала посол Израиля в Турции берет в заложники местную жительницу с ребенком. Кстати, сериал «Долина Волков» из серии «Западня» идет и по нашему телевидению.»
Аршаттың сүйіп көретін)) «Көкжалдар мекені» сериалы, басынан саяси қырынан танылып жатса, сонымен қатар әлеуметтік, отбасылық, экономикалық тұстарды сипаттайтын түрік сериалдары аз емес.
Соның ішінде бала асырап алу, немесе өгей әке, өгей шеше сияқты мәселелер көп көтеріледі. Өздеріңіз білетіндей, шығыс елдерінде бұрыннан қатал заңдар орын алып келгендіктен, оның ішінде ислам дінінің тәрбиесі бар, көбіне қандай да бір шарттардан тыс жасалынған әрекеттер өткір сынға алынып жатады. Осындай тұстарда эгоизмді қайта тәрбиелеп, теңшілдікті орнату үшін сериалдарды пайдалана ма деген ой келеді.
Мысалы, жақында ғана тәмамдалған «Шехризат» сериалы. Көргендер болса, білетін болар, Шехризаттың қайтыс болған күйеуінен бір баласы болады. Ол баланы оған ғашық болған Онур да, Керім де өз балаларындай еркелетіп, оған үлгілі әке болуға тырысып бағады. Ол біреудің баласы немесе босаға көрген әйел деген әдетте сөз болатын мәселелер көтерілген жоқ. Және сериалдың ортасында, қателеспесем, Жансель деген кейіпкер әйел, отбасылы жігіттен аяғы ауыр болып, кейін ол жігіт оны тастап кетеді, сол кезде оны екіқабат қалпымен әйелге алған жігіт табылады, тіпті кейін баланы туған әкесіне бермей қашып кететін сериялары да болады. Қарап тұрсақ, мұнда бір тәрбиелік мән жатыр. Яғни, біреудің баласы біреуге бала болады деген қағиданы көрермендердің миына сіңіру болып табылатын сияқты.
Тіпті қай бір кездері болып кеткен “Маусым түні” сериалында жезөкшелік тақырыбы да қозғалған. Жезөкшелік өз ретімен, алайда махаббат пен жан-дүние сұлулығынаа үңілу, соны көре білуді басты етіп көрсетуге тырысқан.
Қазіргі болып жатқан «Асыл мұрат» сериялында біраз өзгеше жағдай. Мұнда бір отбасы бала асырап алып, кейін сол балаға талас басталады. Әркім өз қанынан тараған ұрпақтай балаға жақтасып, одан айырылып қаламын ба деп уайымда жүреді. Сонымен қатар, бедеулік мәселесі және қарт кездегі махаббат, бай мен кедейдің қарым-қатынасы сияқты мәселелер көтеріледі.
Тағы бір «КТК» телеарнасында болып кеткен, қателеспесем «Не могу сказать прощай» сериалында керісінше өгей ана мәселесі көтеріледі. Мен бұл сериалдың кейбір тұстарын ғана көріп қалдым, сондықтан толыққанды мәлімет айта алмаймын. Бірақ бір анығы қандай да бір сериалда, бізге үйреншікті өгей әке мен өгей шешелерді жаман етіп көрсету емес, керісінше мұндайдың сауапты іс-әрекет ретінде көрсетуге тырысады.
Онымен қоса, түрік сериалдарында кейіпкерлер дана сөздерді көп қолданады. Және де қазақша болып жатқандықтан, аудармалар мағынаны дәл жеткізеді. Өзіме ұнаған сөздердің ішінде «Түннен кейін әркез күн шығады. Қандай да бір қиыншылықтың да, бәрінің де соңы бар. Тек сабырлық танытып, соны күте білу керек» деген сөздерді диалог ортасында пайдаланып кеткен, ал мағынасы қандай зор. Сонымен қатар, қай бір серияда «Әркімнің өз қайғысы бар» дейді. Оның авторы түрік жазушысы Сердар екен… )) Сөйтіп, тіпті түрік жазушысымен де таныс болдық.
«Шехризат» сериалы түсіріліп жатқан уақыт, әлемдік дағдарысқа сай келген екен. Сол уақыттарды да сериалда ұтымды пайдаланып, экономика жағынан да біраз мәліметтер беріп отырды. Және де қиын сәттерде Шехризаттың «Бұл қиындықтың бәрін біз бірге жеңеміз» деп Онурдың қолын ұстаған тұсы, осы сериалды көріп отырған мыңдаған көрермен-әйелдерге қаншама сабақ болды десеңізші. Очм, мен айтпақшы )) сериал да пайдасыз дүние емес, әркім өзіне бірдеме алады. ))


Жайшылықта селт етпейтін Саша Барон Коэннің туыстарын қозғалысқа келтірген «Көкжалдар мекені» үшін түкеңдерге рыспек. Киноға ренжіді деп қазақтарды мазақтап еді, қалай екен
ия, дұрыс айтасын. Кәріс пен түріктердің кинолары біздің халықтың менталитетіне жақын. Сондықтан болар сұраныстың да осы елдің киноларына жоғары болғандығы. Бұрынғыдай қаптаған латынамерикалық сериалдар ат құйрығын кескендей сап тыйылдығой! Оған қарағандай кәрістер мен түрік сериалдарының тәрбиелік мәні зор екені рас!
мал кино Листопад жайында біреме демепсіз ғой, балдызы жездесімен ойнас болған тұсын айтам ))) шетінен қойетерлер* (келін киносынан туған лексикон)
Гүмүш сияқты сериалдарды тәрбие құралы деп айта алмас едім. Әйелдерге теріс тәрбие береді. күйеуін түсінбеу, түсінуге тырыспау, сөйлеспеу, үнсіз үйден кетіп қалу, екіқабат екенін айтпау, аборт істету технично т.б.
Гарфилд, дұрыс па?
fuu sol Gumusty aitpandarshy, bir basy istemeitin bireu, arasynda amalsyz bir dialogtaryn estip jyndanatynmyn sosyn ana bir personaj bar edi suga salsa batpaityn, otqa salsa kuimeitin bir jigit pen onyn suigeni Nermin turaly, oi qusqym personaj!
…Түріктердің қатын-қалашы көп серияларының бәрі “ақырып теңдік сұрарға” деген тақырыпқа құралған ба?! Қатындары ерлеріне бағынғысы келмейді де жүреді. Гендерлік саясат, клараценткинінсс!
Сосын, кинолары “әке мен бала” проблемасы тұрғысынан түсіріледі-ау дейм пастоянны. Очм, ескілікке қарсы жастар, салт-дәстүрге қарсы балалар, балаларын түсінбейтін ата-аналар. Дачы, бәріне керек, бірақ. Ия, дачылары сұмдық болады екен, нақ.
Сосын, бәрі философ екен түріктердің… Ипааать, әуелде қияли құсбегіден басталған пәлсапа сұмдық прагмат бизнесмендердің де басынан табылып жатады. Бұ неғылған, қайдан шыққан пилосыптар, а? Имануилкантынсс!
Жүректі айнытатын түрік сериалдарын көрі арқылы адамдар жөні түзу тәрбие ала қоймас.
Қатыны басқа туысымен жата кететін, басқа біреудің баласын жасырын түрде асырап алатын жағдайлар бізге не өнеге бермек а? атыс-шабысын айтпағаннның өзінде бір сарынды деуге болар.
Меніңше, ондай кинолар барлык елде де бар. Тіпті бізде де! Тек жақсы жағын көре білу керек сияқты. Айтарым, керегін алып қажет емес тұстарын қабылдамау!
Каста-каста ел өңкей,
Орманшы бөтен, бай бөтен.
Сериалын көргем кей,
Әли мұғалім қайда екен?
Білуге менің бар һақым
Сұрау салсам жаранға.
Алла, Алла, Аллаһым,
Жаббар төрем аман ба?
Уақытыңды ұрлайтын
Сериал нағыз сұм ұры.
Жүз сериялап жылайтын,
Бітпейді екен, құрғыры.
Көмескіде қанағат
Бар дүниеге қылушы ек.
Сөзіме илан, жамағат,
Изауралар дұрыс ед.
Мыжып, соза беретін,
Хош көрдік пе жат сыйын?
Еліртіп доза беретін,
Олардыкі – апиын.
Нан сияқты боп қалды,
Апаға да, атаға.
Берері болса көп нәрлі
Ысырап уақтың садаға.
Экспортқа мұнай шығарып,
Импорттап кино аламыз.
Түрікшіл болды бұ халық,
Ісінеді жарамыз.
Ақ маңдайлы ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Ағайындылар қайда екен?
Нұрғиса! өзіңіз ақын екенсіз! Шынымен ақ сериал құрығыр уақытты жеп қояды. бірақ сол сериалдардың көп сюжеттері адам өміріне де берері аз емес. түсіне білгенге қолқа жок, түсінбегенге не дерсің? бірақ өзіміздің АҒАЙЫНДЫларымыз барша қазақ халқының көнілінен шыққандай… әрине ішінде тым жат қылықтар да бар, бірақ тәрбиелік мәні зор дер едім
Бұрын-соңды түрік сериалдарын көрмеген едім, соңғы уақытта “Листопадты” қарап жүрмін. Ұтымды уақытта беріледі, тірлігіңді істеп отырып құлақты түріп қойда көре бер
Тәрбиелік мәніне келер болсақ, іліп алам деген кісіге көп мағлұмат бар емес пе?! Балдыз-жезде арасындағы қарым-қатынастың соңы неге әкелетіні де сабақ қой түсіне білген адамға бұл сериалда. Не дегенмен, өзіме бразилиялық сериялдар ұнайды, энергетикасымен болар )) іш пыстырмайды
өзім сериал көргенше өз өмірімді сериалдан да қызықты шытырманға айналдырғанды қалаймын. бұл сериалдардың миссиясы тәрбие беру емес, балаларды сабақ оқудың орнына соны көріп, топастыққа айналдыру деп білем. сол 45 минутта қанша адаммен кездесіп, қанша жағдайды бастан кешіруге болады !!! а біздікілер соны көргеніне мәз, өз өмірін жайымен қойып, басқаның фантазиясын тамашалап, қалтасына ақша түсіргендеріне. өмір бір-ақ рет беріледі, өзі сондай қысқа тағы. бір минутымды да қимаймын бөтендерге.