kk.wordpress.com

Осы қандай да бір қазақ сайттары, не блогтарының алған бағыты теріс пе, әлде басқа қырсық шалған ба жолы болмай-ақ қойды. Қазақстандағы орысша сайттар, мысалы, bb.ct.kz сонау 2003 жылдан бастаған бағытынан әлі күнге дейін танымалдылығын жойған жоқ. Және сонымен қатар, осындай блогтұғыр болсын, сайттар болсын даму үстінде. Бізде тұрақтап қалған форумдардан massаgan.com шығар, оның да ара-арасында болып тұратын техникалық ақауларынан қазір рейтингісі төмен болып қалды.

Біраз бұрын, ресей провайдерінен жұмыста kk.wordpress.com ашылмап еді, қазір Мегалайнның желілерінен де бұл блог тұғырына шығу мүмкіндігі болмай тұр. Ал онда қаншама жылдан бері сақталып келе жатқан ақпараттар бар. Google.kz іздеу торабынан wordpress жүйесі ең тез табылатын қатарда. Сондықтан, тез арада қазақ блоггерлерін оқу мүмкіндігі дұрысталып, проблемалары шешіледі деп ойлаймын. Шынымен, егер жабылып қалса, қазақ тілінің Қазнеттегі дамуына үлес қосып жүрген блогшылардың еңбектері зая кетейін деп тұр. Өте өкінішті…

  1. Битке өкпелеп тонын отқа жаққандары ма?!
    Wordpress блогплатформасын жауып тастағандары қызық болды, ақырын күтейік.

  2. Себебін әлі де түсіне алар емеспін. Техникалық себебін айтамын да… :)
    Бұрынғысы ресей провайдері кесірінен болған екен ғой. Білмедім. Астанадағы, Тараздағы таныстарым блогтарың ашылып тұр дейді. Ювижнде осыған қатысты сұрау салып жатырмын.

  3. Актауд да ашылмайды, жалпы мен блогымды былтырдан бери ашылмайды Астанада, жургеним анонимайзер аркылы кирип, кишкене ынгайсыздыктары бар а так пойдет

  4. Кэш арқылы кіріп жүрмін. Былайынша ашылмайды.

  5. Менде ашылды әйтеуір Әлия мен Асхаттардың блогтары. Байбалам салып, басымызды тауға, тасқа ұруды аз кейінге шегере тұрсақ…

  6. Нұрғиса, блогтарды құлшынып оқитын сіз ғана емессіз ғой. Қаншама халық бар, мен солардың интерестерін қозғап отырмын. ))

  7. алдында Асхат айтып еді, “архив жасай жүріңдер” деп… “қайтер дейсің, далбаса жазбалар кімге керек” деп жүргенде – ашылмайд… Байбаламды сол кезде-ақ салу керек ед… :( (

    енді, мысалы, қандай вариант бар? ювижн?

  8. Иә, қиындау болып қалды. Ең басты қарап шығатыным блогтар еді.
    Аршат аға вордпресс сияқты тегін блог ашатын сайт болатынын айтып еді. Соны асыға күтіп жүрмін.

  9. Уақытша техақау шығар. Соншама жазбаның обалына қалғысы келмейтін шығар, егерәки кесір пиғыл боп жатса. Меніңше оңалады әлі. Кім білсін, бірақ. Дұрыстау жағына иіле салғың келеді.

  10. Livejournal-ды да қаншама оқырманы мен жазарманы болса да ешкімге қараған жоқ еді…

  11. Гастер дың көзқарас блогы жақсы ашылады, қалғандарыныкі ашылмайды, хотя, бәрі бір платформада емеспе?!

  12. Осы себепті мен қайта kudaibergen.com-ға ауыспақшымын

  13. Гастаның көзқарасы тура боп тұр ғой, демек :roll:
    Анық құрықтар болса мен бұны немен байланыстыру керегін түсінбеймін. Кезекті бір “тентекшора” ақпарат легі тасталды ма екен… Қалай болған күнде де, қаламдастарымдыкінің тезірек қолжетімділеу болуын қалаймын. Солай болғай.

  14. Опера-турбомен ашылады, бірақ кіре алмадым блогыма. Басқа браузерлермен ашылмайды екен. Не болғанда да, соңын күтеміз ғой. Оқып жіберетін молдалар жоқ па екен.

  15. Гасталардың блогтары қалай ашылып тұр түсінбеймін. Мүмкін кэшта қалып қойған шығар комптарыңда? Сатыбалдылардың блогын біреу стучать еткен екен Есекеевке, содан болар деп ойлап отырмын. Жақында ашылуы керек, уайымдамаңдар. Сұрақ кэште тұр, ал былай уже өшіріп тастаған ау деймін модераторлар

    http://209.85.129.132/search?q=cache:XigHNPpr0esJ:primeminister.government.kz/blogs/esekeev_k/questions/28599%3Flang%3Dru-RU+satibaldi&cd=33&hl=ru&ct=clnk&gl=kz

  16. 2Аршат
    есекеевке айтқанан бүкіл вордпресс пен блоггерге кіруге тыйым салмайтын шығар
    мүмкін саяси себептер бар шығар
    билікке жағымсыз біреу блог ашып жүрген жоқ па?
    мысалы http://lara-www.blogspot.com/

  17. Біздікілер қалай жұмыс істейтінін білесіңдер ғой. Вордпресс.ком басшылығына Ресми хат жазып, мына блогтарды жауып таста дегеннен гөрі Қазақтелекомға айтып сол доменді мүлдем жаптыртып тастаған оңай. қаншама қолданушы зардап шегеді оны ойламайды. әрқашан оңай вариант таңдалады.

  18. Сонда блогты “бір қырт” айтты екен деп жаба сала ма?
    Сендерден басқа блогтар ашылмай тұр ма, түсінбей отырғаным. Менен Сатыбалдының да, Нақұрыстың блогы да, басқалар да ашылып тұр, бірақ өз блогым ашылғанмен, кіре алмай тұрмын.

  19. Менің де блогым ашылмай тұр, архив жасамап едім.Кіре алғандар,копия жасай салса,рахметімді айтар едім.
    Мені қойшы,кейбір блогтар керемет мазмұнды еді….уақыт тауып оқып шықпағаныма өкініп отырмын

  20. Уақытша техақау.

  21. Қазір блогтар ашылды. Десе де себебі бізге құпия қалатын түрі бар. Бұл бір белгі болған тәрізді. Мүмкін болса, жазбаларыңызды басқа блогтарға да экспорттай салыңыздар. typepad.com да ол оңай екен. Виртуалды болсын, шынайы өмірде болсын ешқайсымыздың құқығымыз сақталып отырмағанын жеке өз басым жақсы түсінемін. :(

  22. Міне Асекең дұрыс айтып отыр так что дәвәй

  23. [...] отау көтерген алғашқы блогшылардың бірі. Өзінің соңғы жазбасында да ол блогтардың ашылмау мәселесін көтерген.  Жазбаға [...]

  24. Нұрғиса, кейде алтын сабыр танытатыныңызға тәнтімін. Бірақ тек кейде ғана:)

  25. Мен жабылады, жабылмайды деп уайымдамайтыным өз рөлін ойнады.
    Вадим Зеландтыкі дұрыс боп шықты.

  26. Ой, маладессің ғой сен, Гаста!

  27. Кейде, кейделер үнеміні түзеді депті ғой әлдебір кәмментеуші :roll:

  28. Большинство людей счастливы настолько, насколько они решили быть счастливыми. – А. Линкольн

Пікір жазу