Сол баяғы өмір…

Демалыс күндері теледидарда мардымды ештеме болмай жатса, СТС (бұрынғы «Рахат») каналына қосып, Қайрат Нұртастың концертін көрсеңіз болады. Тыңдай берсеңіз, құлағыңыз үйреніп, тіпті кейін өлеңдерін ыңылдап айтып жүруіңіз де мүмкін.

* * *

Таңертең кесек ақшамен шыққанды ұнатпаймын. Көбіне, кешкісін соны қамданып, ұсақтап қоюға тырысамын. Бірақ ұмытып кететін де жағдайлар болады. Әсіресе таксиге отырсаң, жүргізушінің қайтарар ақшасы жоқ, сосын жүргенің сол дүкеншілерге майдалап беріңізші деп жалынып…

Автобусқа отырсаң да, ірі ақшаға майдалаааап тиындармен қайтарады ғой…

* * *

Автобус демекші, қазір қыста кейбір автобустың пештері істемейді. Жазда салқындатылмайтын, қыста ысымайтын автобустардың бәрін қайдан жинап әкеледі? Жүргің келсе – жүр, жүрмесең таксимен жүрдің кебі… ((

* * *

Осы християн дінін ұстанған кейбір елдерде неге “Крещенские морозы” жоқ деген ой келеді…

* * *

Бүгінгі жаңалықтардан «Келін» Оскардың жартылай финалына өтіпті. Егер Оскар алса… не болар екен, а?

  1. “Келін” Оскар алса, Дулат Исабеков Америка Кино Академиясын көрмей кетед…

  2. Кеше троллейбуста бір келіншек шопырға ұрсып жатқан. Шопыр жылы жерде отырғанына кінәлі болып қалды? Осы тоқпен жүретін троллейбустер жылытушы ма еді деп ойланып қалдым. Автобус – Алматының таусылмайтын тақырыбы болды ғой.

  3. Рас айтасыз! Кунделікті алдымыздан шығатын мәселелер. Мен кейде “кондукторларға да “Қағанаттағыдай” қатты сөйлеуге ьыйым салса, іштері жарылып кетер ме екен” деп ойлап едім. Олардың ренжімей, жақсы жол сілтейтіндері аз. Әйтеуір, аман болсын дейміз!

  4. Осы християн дінін ұстанған кейбір елдерде неге “Крещенские морозы” жоқ деген ой келеді… осыған жауапты менде іздеудемін

  5. Кесек ақша туралы дұрыс айттың. Демалыс күндері елу теңгеліктермен 500 теңге жинап қоюға тырысам көбінесе. Автобустан түсетін кезде, алдыңды біреу орап кетіп, кондукторға 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелікті ұстатып қойып “іздаЧы қайтар” деп қарап тұратынынан жек көретінім жоқ :)

  6. “Крещенские морозы” тек славяндарда ғой, христианстводан да бұрын келген сияқты дәстүр.
    “Келіннің” финалға өткенінің өзі зор мәртебе дер едім. Бекболат буынып өлетін шығар.

  7. дүкеннен ақша ұсақтау қыздарға проблема шығар, дым алмай просто ұсақтап беріңізші деп сұрап тұрасыңдар ғой. біз әйтеуір “дайте пачку Кент 4″ ыспакойно бұзып аламыз ақшаны.

    Келін Оскар алсын, біраз адамдар асылып өледі, журналистер тағы да біраз жазып қалады а то басқа тақырып жоқ қой.

  8. Kelin eger oskar alsa, beiwara kazakhty ayaganynan berdi deuge bolady goi!!!!!

  9. Иә, Келіннің Оскар алғанын Бекболатты көре алмайтындар асыға күтуде…:))

    Келін Оскар алса, алатын да шығар. Онысын білмедім.
    Бірақ Қосаққа (және сол типтестерге) айтайын дегенім: Бекболат сенің деңгейіңдегі адам емес.Сен оның тобығынан да келмейсің.

  10. автормен толық келісемін

  11. Келін киносына “скрытый подекст” іздейтіндер қайда?:)))))))

  12. жасырын мәтін іздеушілер кешіріңіздер

  13. Осы християн дінін ұстанған кейбір елдерде неге “Крещенские морозы” жоқ деген ой келед…

    ой,айтпа…мынау аяз деген адамды әбден мезі етті… әсіресе біздің шығыстағы…

  14. хаха өліп жатырмын, тіпті кейін әндерін ыңылдатып айтатын боласыз дегендей ақ:))).

  15. Ай, қазағым-ай!.. Полатпен, Келінмен әлемге танылған қазағым-ай!.. Қор болған қазағымның салт-дәстүрі-ай!..

Пікір жазу