Ел болам десең – бесігіңді түзе (с) М.О.Әуезов

Біздің жұмыста бір қазақ ағай бар. Негізінде коллективте қазақтар көп. Бірақ қазақша сөйлейтін қазақтар аз… Сол ағаймен кейде сөйлесіп қаламын, сонда бір әңгімесінде екі баласы да орыс мектептерінде оқитынын айтты. Жалпы ұлт тағдыры туралы әңгіме көп болатындықтан, ол біраз ыңғайсызданып, «Қызым мектепке барарда қазақ мектебіне бергім келген. Бірақ бір білімді ағам келіп, қазақша ол түк білім алмайды, қазір қазақша дені дұрыс оқулық жоқ деген соң, орыс мектебіне бердім» деп ақталып отыр… )) Қандай мектепке берем десе де өз баласы ғой негізі, бірақ қазақ қаны бар болған соң, бір жағынан ұялған да шығар…

Негізі осындай әңгімелерді естігенде, мен өзімше өмірі қазақша оқып, ешкімнен кем болмағанды айтып, мақтанып кететінім бар еді. Бірақ үлкен кісі болған соң, үндеген жоқпын.

Жалпы осындай әңгімелерді өте көп естимін және де бәріміз де көріп жүрген шығармыз. Өздері қазақшаға судай, қазақ тілі, мәдениеті, ұлты жайлы сөйлегенді, кемшіліктерін айтқанды жақсы көреді. Алайда балаларын қарасаң, бір ауыз сөз қазақша түсінбей тұрады. Тіпті қазақ тілділерді менсінбейтіндері де бар. Бала түгіл, үлкендердің өзі қазақ тіліне сенімсіздікпен қараса оның болашағы жайлы айтып не керек? Бәрінің айтатыны сол, қазақша берсең, бала бақшасы дұрыс емес, мектептерінде білім жоқ, ЖОО-да тек парамен жабады және т.с.с Менің ойымша, әу баста білім қуып келген бала қалай болса да білім алуға тырысады, ізденсе де, кітапханадан шықпаса да, әйтеуір мақсатына жетеді.

Не болса да адам өзінен бірінші бастау керек қой. Үлгі бола біл, ұлтқа сонша жаның ашыса, қолыңнан келгенін жаса, тіпті сол керек кітапты орысшадан қазақшаға балаңмен бірге аударсаң да… Ал өз отбасыңда отансүйгіштік, еліңе, жеріңе, тіліңе құрметті қалыптастыра алмадың ба, онда бүткіл елді жөндейм деу бекершілік!

  1. …жиі мазалайтын нәрсе!
    Мұндайда жаның ашитын жалғыз сен емес екені жұбатады.

  2. Білім көп нәрседе шешуші рөл ойнайды. Білім мен тәрбие десем жөн болар. Қазақ тілінде осы екеуі қатар берілгенде меніңше, мұндай мәселе туындамас еді. Бізде орыс тілінде білім алып, қазақша тәрбие алмағандар көп. Бірақ орыс тілінде білім алып, қазақша тәрбие көргендер аз…

  3. негізі мұндай мәселе қатындардан басталады. адамның тіліне де ана тілі дейді ғой, шешесі қай тілде сөйлесе баласы да солай сөйлейді. ал әйелдерде ұлт болмайды. әйелдің ұлты Әйел. әйел де патриоттық, намыс, ұлтшылдық деген сияқты өтірік сезімдер болмайды. өйткені бұлар шын мәнінде өтірік сезімдер, ал әйелдер нақты нәрселерді ұнатады. тіпті махаббатта да солай.

    тақырыпқа қайта келер болсам, әйелдің тілі орысша болғандықтан түк бас ауыртып ойланбай баласымен де орысша сөйлейді, мектепке де орысша береді.

    Әуезов Мұхтар деген кісінің жоғарыдағы сөздеріне келіспеймін. Ел болам десең бесігіңді емес алдымен қатыныңды түзе.

  4. Негізі әйел адамға көп нәрсе байланысты. Бірақ қатын, қатын демей, кішкене жұмсағырақ айтсаң болатын еді ғой… :)

    Сосын әйел адамда патриотизм, намыс, ұлтшылдық деген сезімдер болмайды дегенге келіспеймін. Бұған ешқандай да дәлел жоқ сияқты. Бұл табиғатпен, кейін тәрбиемен келетін қасиеттер.
    Тағы, тек әйелі ғана емес, еркектер де өз қалауларымен орысша тәрбие бергісі келетіндер бар. Сондықтан бір ғана қатып қалған шаблон жоқ шығар…

  5. Әлемді тербейтің – әйел! – деп, әйелдің мойнына бәрін іліп тастаған дисин…Бесіктің түзу болуына, екеуіде жауапты. Негізі еркектерде намыс болса, бәрін қазақша сөйлетер еді.

  6. Әуезов Мұхтар деген кісінің өмір сүрген уақытында қазіргі сияқты тіл мәселесі әрине болған жоқ. Сондықтан ол кісінің бұрын айтқан сөзі қазірде актуальдылығын сақтап отыруы қиын нәрсе.
    Қатын деп қатты айтпай ақ қояйын, жарайды әйел дейін. Көп нәрсе әйелге байланысты, бала тәрбиесімен де әйел айналысады өйткені күні бойы баланың қасында әйел. ол қалай сөйлейді бала да солай. Ал әйел ешқашан қиын нәрсені таңдамайды, оған орысша оңай болса сол тілді таңдайды. Еркекті алдай салу оңай, түнімен құлағының құрыш етін жеп көп нәрсеге көндіреді.
    Әйелде ондай сезімдер болмайды дегенге қатысты бірдеңелер айта кетейін. мысалы бір қыз болады мектепте неше түрлі жарыстарға, тілден олимпиадаға анау мынауларға қатысад, өзінше өлең жазад. Кітап оқид көп, сондағыдай махаббатты арман етед. Сосын өсед, қалаға келед. Мәмбетка болып қалмау үшін орысша сөйлеуге бастайды, өмірде шын мәнінде көп нәрсенің басқаша екенін ұғады.
    Ал солай қала беретін қыздар да болады. Олар сол тіл тіл деп жүре беред, әрі кетсе журналист болады. Баяғыдай махаббатты аңсап күйеуге де шыға алмай қалад…
    Қазір былай қарасаң қазақ еркектер арасында қазақша сөйлеу западло емес, ал қыздар түк ұялмай орысша сөйлей береді. қазақша сөйлеп тұрған қызға жақындап қалсаң бірден сөздері орысшаға ауысып кетеді.
    Менің бүйтіп қақсай бергінімнің мәні жоқ сияқты. Бәрібір Ақзерелер әлі түсінбейді мұны, шамалы өсіңдер, отбасы құрыңдар сол кезде басқаша қарайтын боласыңдар өмірге.

    Қыздардан емес жігіттерден пікір күтемін.

  7. Айтуыңда әжудан гөрі ащы ақиқаттың соқпақтары көп сияқты. Жоқ, статист ретінде шеткеріректе бақылап тұра бермейсің ғой қыз-қырқын әлемді тербете берсін деп. Бірақ отбасылық, бала тәрбиесі мәселелерінде негізгі өрге де, көрге де сүйреуші сол нәзікжандылар.

    Ауылдан келетіндер турасында. Рас, аңқаулық басым жағдай кездеседі ғой, кездеспейдіден гөрі. Бірақ оларың да қазір “бәле”. Өрімдей қыз өмірдің қилы сұрақтарына сұрапыл жауаптарды әлдеқашан біліп алған. Тез есею мысалдарын байқайсың.

    Ал орысшаның ығына өзін жыққызуды айтсақ… Ол, өкінішке орай, солай. Шынында да, сен айтпақшы, өзін заманауи сезінгісі келуден барып туындаған алдамшы ниет пе екен…

    Құдай қаласа, Ақзерелер өсіп, үлкен қыз болғасын осы жерге ойымызды сабақтап, тарқатып жаза жатар…

  8. Аршат, сонда бәрібір оңай жолға жүгіресіңдер демекшісің бе? Осыны түсінбейм ба?

  9. Әйелдердің оңай вариантты таңдауы қате емес, олар солай жаратылған. адамның екі түрлі пішіні бар. біріншісі қоғамдағы яғни сырттағы пішіні, екіншісі отбасындағы яғни ішкі. мен айтқан ана ұлтшылдық, патриоттық деген сияқты өтірік сезімдерді әйел сыртқы пішінінде көрсетуі мүмкін, ал ішкі саясатында олай емес. оған қалай тиімді солай істейді. мысалы еркек чисто өз принциптерімен басқа ұлтпен үйленгісі келмесе, қызда ондай принцип болмайды егер жарқын болашақ, жақсы шарттар көріп тұрса басқа ұлтпен де некелесе салады. басқа тіл де сөйлей береді.

    әйел табиғаты солай жаратылған, қазақ та айтады ғой қыз -қонақ деп. бүгін үйде, ертең кетеді басқа жаққа. сондықтан біздегідей сезімдер бола бермейді. ал еркек табиғаты жаратушы, ол өз өзіне жағдайлар істей алады, жоқ нәрсесін өзі ала алады. ал әйел олай емес, оған кім береді соны алады. алу үшін не істеу керек соны істейді. яғни көп нәрсе өзіне байланысты емес. сондықтан өзіне қалай пайдалы, соның ығына жығылады.

    тіл мәселесі де содан ғой…

  10. Абай: “Халықтың болыстыққа сайлаймын деген кісісі пәлен қадәрлі орысша образование алған кісі болсын.”

  11. Өзге ұлтпен некелесу әрбір персонаның жеке ісі-ақ шығар. Бірақ, шынымен, басқа ұлтпен, кейде тіпті қартаң тартқанымен не махаббат болды екен деп таңырқау заңға қайшы болмайтын шығар… Жеке бас мүддесіне қол сұғушылық деп сөге көрмес ешкім, әлбетте… Ердің пропорцияға шаққанда саны аз деген де мәселе бар. Бірақ бұл басқа мәселе. Мүлдем басқа.

  12. Аршатпен кей сөздерімен келісуге болады.
    Мысалы, зиялы қауым деп жүргендердің көбінің балалары қазақшаға жоқ, бәрі ауылдан келген нағыз қазақтар. Орысша білсін деп, орыс мектепке бергеннен кейін, үйдегі тәрбиені ақсатып алған осы әйелдер кінәлі. Көп еркек жұмыста жүреді, үйге кеш келеді ерте кетеді, ал әйел үйдегі тірлікте, баламен көп араласады. Сондықтан, әйел – отбасы ұйытқысы, бала тәрбиесі әйелден басталады. Еркек қадағалап, тәрбиеге араласқан отбасыларда көп кездеспейді. Сосын, отбасыңда әйел орыстілді болса, ортасы да солай болса, бала да сол орыс тәрбиесі жетегінде кетеді, қазақша оқыса да. Әрине, қалалық жерді айтып отырмын, ал, ауыл қашанда ауыл ғой.
    Бірақ, тәрбиені тек әйелдерге артып қоймай, бірлесіп атқарған дұрыс. Өзім балаларымның сабағын, тәрбиесін қадағалап отыруға тырысамын.
    Ал, намыс, патриоттық сезім, ұлтшылдық адамның бәрінде болады, тек әркімде әртүрлі кездеседі. 86-да алаңда ең көп болған осы қазақ қыздары.

  13. Қыртыңбай бәрі. Қазақ тілі конкурентті емес. Бұл факт. Қазақ мектептерінің білімі Орыс тілінен төмен екені бұл факт. Ақзере сен демей ақ қояйын, жалпы біздегі мақатана алатын қыздар, тек орыс ортасында еш кітап оқымай, жай ауыз екі араласумен ақ бірер саты озып кетеді.
    Қазақтың сұмдық терең ойлары деп мақтанатын нәрселерін орысшаға аударсаң, сан қақсалған Көрер Көз Шындық болып қалады. Қазақ тілін сорлы қылғаным емес. Қазақ тілінің қазіргі ахуалының қиындығын айтып жатырмын.

    Не үшін мен қазақ тілін оқуым керек? деген сұраққа әлі де жауап жоқ. Пафосты, патриотизм қазақша ләм мим демейтін шала қазақтарды қозғауға күші жетіңкіремей жатыр.
    Олардың санасына “Әй, тексіз-ау, бұл сенің ана тілің емес пе?” – деген сөздер күлкі тудырады. Менің мамам қазақ тілінде сөйлеген жоқ! – десе ішетін сілті таппай кетуің не ғайбыл. Бірден оның тексіздігіне жаба саласың. Саған әрине оңай, сен қазақ тіліне судайсың. Қалада өстіп, анау мынау деген сылтауды айтпай-ақ қойсаңда болады, қазақ мектебінде оқып, бәрібір қазақ ортасында көп болдың.
    Қайта қайта құсық толған тазикті шала қазақтарға ысыра бермей, әркім өзіне жауап берсе екен.

  14. менің негізгі айтқым келген ойым, Омарханның баласы Мұхтардың сөзімен келіспеймін деген едім. бесікті емес қатынды түзеу керек деген ой еді менікі. а то байқамай бесік орысша түзеліп кетер дегенім ғой, түзеуші қатын орыстілді болса :)

    дұрыс па Мақым Нұрберген?

  15. Құдай-ау…мына жерде небір пкірлер өрбіп кетіпті ғой… 70 жыл кеңестік қоғамның шашбауын көтеріп келіп, орыс тілімен уландырған,ана тілін білмей өскен ұрпақтар үшін дерлік әйел баласын кінәлі етіп тастапсыңдар… Әрине, тәрбие ошақ басынан,отбасынан басталатыны рас, оған қосыламын. Бірақ,ол кезде ана тілде санаулы бала-бақша, сауқсақпен санарлық қазақ мектептері болды. Зиялы қауымның өзі өзге ұлттан әйел алды. Қазақ тілі құлдырады… оны көрген бала қайдан оңсын. Жүрегінде сәл де қазақ деген оты бар отбасылары тілін сақтап қалды…ал қалғаны… өзге тілдің жетегінде кете барды… оның барлығы сол дәуірдегі идеологияның кесірі… әлсіздік… Отбасындағы аналарды толық кінәлі деп айта алмаймын, отағасы қайда қараған…сол замандарда???

  16. Гаста, егер дұрыстап оқысаң, мен шалақазақтар жайлы емес, үлкендердің өздері балаларын қазақша сөйлете алмай, қоғамды сөйлетуге, жөндеуге тырысатындар жайлы тақырып қозғадым.
    Ешкімге патриотизмді жүктеп жатқан жоқпын. Жаппай қазақшаға бер деп жатқан жоқпын. Бұл әркімнің өз ісі. Және шынымен әркім өзіне жауап беруі тиіс.

  17. Әрине барлығы өзімізден басталады. Үйіңде қай тілде сөйлесең бала соған қарап тәрбие алады емес пе? Аршат, бәрін әйел адамдарға жаба салуға болмайтын шығар. Себебі негізгі шешуші сөзді қашанда ер адам айтады емес пе? Сен неге әйеліңе айтпасқа “баламен қазақша сөйлес, қазақи тәрбие бер” деп айтуың керек. Әрине сен әйеліңмен орысша сөйлесіп тұрсаң әйеліңде балаңмен орысша тілдеседі. Дегенмен тәрбие тек ана міндеті болып қалмауы керек. Себебі балаларға ана сөзінен гөрі әке сөзі қатты әсер етеді.
    Бізде де орыс мектебіне баратын іні-сіңілілерім бар. Бірақ үйде біз қазақша сөйлей берсек оларда қазақша жауап береді. Солай-солай араласатын орталарында қазақша араласамыз дейді.

  18. Егер Аршатты дұрыс түсінсен болсам, “Ел болам десең, қатыныңды/әйеліңді түзе” деген сөзде жауапкершіліктен еркек те тыс қалмайды.
    Басқа ұлттан әйел алған зиялы да, әйелімен орысша сөйлескен мұжық та бәрібір қатынын түзей алмаған еркекке келіп тіреледі бұл жерде.

  19. Мен соңғы уақытта “одноклассники.ру”дан көптеген “шала қазақтарды” кездестірдім, көбісі балаларын қазақ мектептеріне беруді жөн көрген. Сол форумдарда көптеген орыстілділерді осы сұрақ алаңдатады екен. Өзіміз қазақша білмесек те, қазақ мектебіне беру дұрыс па деген сұрақтар көп кездеседі. Жауаптарды оқысаң да, қазақ мектебіне беруді кеңес еткен орыстілділер көп, кейбіреулері балаларымен бірге тіл үйреніп жүргенін баяндайды. :) Оқып қуанып қалдым ;)

    Менің бөлелерім орысша оқыған, қазір заман ағымына қарай қазақшаға тілдері жаттығып қалған, бала кезімізде бір-бірімізбен коммуникация нашар болатын, қазір олар өздері бастап қазақша сөйлейді. Тәрбиелері қазақша, мамалары қазақтілді ауылдың қызы. Мүмкін содан да болар. Бірақ орысша оқығандықтан білімі асып-тасып тұрғанын байқамадым : Тек мінез-құлқы менің ауылда өскен ұяң інілеріме қарағанда ашық.

    “мысалы еркек чисто өз принциптерімен басқа ұлтпен үйленгісі келмесе, қызда ондай принцип болмайды егер жарқын болашақ, жақсы шарттар көріп тұрса басқа ұлтпен де некелесе салады.”

    Қыздарда да болады ондай принцип!

  20. Амару Тупак, әрине дұрыс түсініп тұрсың. жалпы қазақтың сөздері еркектерге арналып айтылған көбінесе, Сымбаттың соңғы сөйлеміндегідей әйелдерге арнап та айтылғандары болады әрине, аз болса да.

    бірақ көп жағдайда қазақ мақал, мәтел, тағы басқа ақылды сөздерін еркек қауымына арнап айтқан. әйелдерге айтса бәрібір түсінбейді деп ойлады ма екен сол кездерде, а?

  21. Айкона, еркектердің қанында бар, бәрін әйелдерге жүктей беру. Әйелдер болмағанда, баяғыда бәрі қырылып қалар еді.

  22. Аршаттың сөзіне келсімен бірақ әйел емес адам жеңілге жүгіреді деп айтар едім. Ну мүмкін тенденция бойынша әйелдер бейімдірек шығар, мен байқауымша олай емес сияқты..
    а бірақ қазақша оқытатындар көп екені рас қазір, балаларымен бірге оқид білмейтіндер..

  23. Cәлеметсіздер ме Қазақ бауырлар! Бұл жерде қоғамнан, заңнан т.б. көретін түк те жоқ. Барлық нәрсе бала өмірге шырылдап келген күннен бастап ата-анасының берген тәрбиесінен, анау бесікте жатқан кезде айтылған әлди-әлди әннен бастау алу керек. Ол әлди-әлдиді тыңдап өспеген баладан біз не күте аламыз? Жоғарыдағы пікірлерді оқи отырып, маған мынадай ой келді: неге бала тәрбиесіне қатысты кемшіліктерді тек қана анадан көреміз. А ол бала өмірге келгенде жалғыз ана ғана емес, әке екеуінің сүйіспеншілігіен пайда болды ғой, енді бала өмірге келген кезде неге сол сүйіспеншілікті жалғастырып, екеуі бірге атсалыспаққа? Егер әке мен ана екеуі қатар бала тәрбиесіне көңіл аударса бұндай жағдайлар көбейіп, елімізде жүрегі ақ, таза, кіші пейілді қаақ жандар, яғни қазақ арулары мен қазақ жігіттері көп болған болар еді! Бұл менің жеке пікір ғана.

Пікір жазу