Көңілге хошымды аударма

Интернеттен Тұманбай Молдағалиевтың бір өлеңін орыс тіліне аударған нұсқасын тауып алдым. Екі нұсқада да тақырып жақсы ашылған сияқты. Өзіме қатты ұнады.

Түпнұсқасы:

Өмір маған кейде тау сияқты,
Шынына шыққым келеді

Өмір маған кейде бір жау сияқты,
Аяққа жыққым келеді

Өмір маған кейде бір бел сияқты,
Гүлдерін тергім келеді

Өмір маған кейде бір шөл сияқты,
Сусын бергім келедi

Өмір маған кейде бір от сияқты,
Жылысын алғым келеді

Мен үшін кейде бақыт жоқ сияқты
Өліп калғым келеді

Өмір маған кейде жақсы дос сияқты,
Күнде көргім келеді

Өмір маған үлкен керуен көш сияқты,
Жетектегім келеді

Өмір маған кейде адал жар сияқты,
Еркелеткім келеді

Мені күткен бір бақыт бар сияқты,
Ерте жеткім келеді

Өмір маған кейде сұлу қыз сияқты,
Құшақтап сүйгім келеді

Өмір маған кейде «апа», сіз сияқты,
Қуаныш үйгім келеді

Өмір маған шаттық сезім сияқты,
Мәз болып күлкім келеді

Өмір маған кейде өзім сияқты,
Өмір сүргім келеді.

Аударма:

Мне кажется, что жизнь – гора,
Взобраться бы на самый пик.
Порой я вижу в ней врага,
Готов я с ним клинки скрестить.

А иногда она – пустыня,
Что просит влаги у меня,
Или захочется тепла,
И сам ищу я в ней огня.

Порой уверую, что счастья нет,
И вижу в смерти благодать,
Но жизнь, как старый, верный друг,
Протянет руку, ждет назад.

И снова мне ласкает взгляд
Любимой лик прекрасный,
И вновь себе я говорю:
Возможно счастье!

И хочется мне жизнь любить,
Как деву юную,
Или заботой окружить,
Как маму милую.

И вижу жизни торжество
Единым целым,
И вижу в жизни той – Себя,
И жить хочу, и верить!

(Аударған Лана есімді қолданушы)

  1. Жан тербетер сөздер екен. Маған қатты ұнады. Аудармадағы нұсқасыда сәтті шыққан!

  2. Аудармасы жақсы шығыпты

  3. Рахмет Зере досым ! Тұманбай ағамызды балаларға арнап жазған өлендерінен ғана білуші едім , мына туындысы жүрегімді дір еткізді .

  4. Иә, маған да ұнады! Қашанда адам көңіліндегі ойларды дөп басатының ұнайды, періште-қыз!

  5. Рахмет! :) Маған ұнаған заттар, сіздерге ұнап жатса өте жақсы ғой… )

  6. шыныменен де оқуға жайлы өлең екен!

  7. жанға да жайлы!

  8. Аудармашыға респект!

  9. Iзденiсiн осе берсiн. Конымды аударма екен..

  10. kazahsha nushasi tamasha

  11. MAGAN OTTE UNADI JANDARIM EEEE

  12. Тұманбай атамыздың Сен маған биік бол дедің өлеңін мектепте оқығаным бар, жақсы көретін ақын аталарымның бірі. Зере қанатың талмасын, толағай табыстар тілеймін саған. Биік бол!!!

Пікір жазу