Блог жайлы

Интернет әлемінде ашқан жеке бұрышыма қош келдіңіздер!!! Сіздерді әрдайым жылы ойларыммен, ақпараттармен, өлеңдермен қуантып отырамын деген үміттемін. Басты тақырыпқа “Ақын… періште… махаббат…” деп қоюымнын да себебі сол: өзім ақын болмасам да поэзияны сүйіп оқимын, оның ішінде махаббат өлеңдерін. Ал періштені әр адам өзінше елестетеді. Біреу үшін ол – сүйгені, біреуге – арманы, біреуге – жан тазалығы. Ең бастысы періште – пәктіктің белгісі. Әрдайым жүрегіміз, ниетіміз, армандарымыз таза болсын демекпін.

  1. Kutty bolsyn!

    Jaraisyn Akzere karyndas!

  2. Рахмет, Бақытнұр!!! Өзіңіз сияқтылардан үйреніп жатырмыз ғой.

  3. Qutty bolsyn!!!

  4. Блогыңыз жақсы екен! Қызықты да, пайдалы жазбалар күтеміз. Блогыңызды жеке блогыма тіркеп қойдым.

  5. Рахмет сыздерге.

  6. Сіздерден сұрайын дегенім: Мысалы жазудың жартысын ссылка арқылы жасап қоюды қалай істейді? Әйтпесе жазудың барлығы бір бетте тұрса тым ұзақ және әдемі емес болып тұрады.
    Сосын тағы да сұрақ: мақала суреттің жанынан басталуды қалай істейді. Жазу тек суреттің астынан басталады немесе соңына ғана қойылады. Ал жанына қоя алмадым :-(

  7. Qatelespesem saualdarynyzga qazaq blogshilar jauap bergen tarizdi

  8. Ия, көрдім. Рахмет!

  9. Акзере, блогын жаксы дамып келе жаткан сиякты! Осы карымды басендетпе деп тилеулестик танытамын. Блогосферадагы дамылсыз кам-карекетин лайым игиликтерге жеткизсин!

  10. Рахмет, айтқаныңыз келсін!

  11. Блогыңыз құтты болсын. Ісіңізде сәттілік тілеймін. Сізде өз блогымдағы сілтемелер қатарына қосамын.

  12. Рахмет, сізді де қосып қойдым. Жиі кіріп тұрыңыз.

  13. Kazaksha interface de daiyn boldi, Optionska barip tilin kazaksha tangdai alasyn

  14. Уау… жарайды, көрейін.

  15. Қазақ блогтары саны тағы біреуге артты. Құтты болсын.

  16. Kazakhsha interfaceke koshken joksyn ba? Sebebi ogan koshken kezde men kazak blogshylarynyn songy jazuin korip otyrushy edim…

  17. Вроде көшкен сияқты болғам… Менде қазақша жазылып тұр функциялар.

  18. Options (Talgaular ) degen jerden Til – KAzakh dep tangdauyn kerek siakty.

    Eki turli, bireui ozinnin funkcialarina koldanylatyn til degen bar.. Endi bireui blogtyn syrtka korinu tili…

    Misali kazir magan February, Submit Comment degen sozder shigip tur…

  19. O mine!

  20. салем!
    Ақзере болгтарын құтты болсын!
    жарайсың!!!

  21. Akzere, salem! Blogina jii bas sugip turamin. Magan hat jazip tur! Jakinirak tanisaik

    sh.korgasbek@kaztv.kz

  22. Блогыңыз тамаша екен!!!!!! Маған ұнады….

  23. Ақзере сәлем! Сіздің жазған мақалаларыңызды үнемі болмаса да ара тұра оқып тұрам. Өте қызық. Әсіресе қазақ қыздарына қажетті көптеген ақпарат алуға болады. Ойыңыз ұшқыр, әрі сауатты жазасыз. Рұхсат болса Сізбен жақынырақ танысуға бола ма?

  24. саламатсызба Акзере. Блогыныз әсерлі екен. Жаксы игилікті нарселерге толы болсын

  25. Рахмет, сіздерге!!! Егер сұрақ қойғыларыңыз келсе мына поштаға хабарласыңыздар:
    akzere.at.gmail.com

  26. Блог оте жаксы багытта дамып келе жатыр, жарык корген макала, туй1нд1 ойлар бар1м1зд1н кон1л1м1зден шыгып, б1р уакыт ел1туде..

    Блогына табыс т1лейм1н!

  27. блогыңыз құтты болсын және өркендей берсін. сұрағым блогты қалай ашуға ьолады.

  28. Жарайсың, Ақзере! Осындай сайттар көбейе беру керек! Еңбегіңді Тәңір жарылқасын!

  29. блогың маған ұнады

  30. Айт қабыл болсын!
    Бүгінгі күнде көбі блог ашатын болыпты (бұл әрине қуанышты), саған тек қана алға демекпін! Ойың өсіп, жетіле берсін!

  31. slm ote gajap

  32. адамның өміріндегі ең басты әсер ете алатын сөздерден тақырып қойыпсыз,шынымен әсерлі.мақалаларыңыз да ауқымды тақырыптарды қамтып жатыр екен,өсу тілеймін!

  33. Рахмет сіздерге!!!

  34. Сәлем Ақзере
    Алла жар болсын
    Сізге табыс тілеймін

  35. Ақзере, сәлем! Маған блоктың мазмұны қатты ұнап қалды. Жарайсыз!!!

  36. Тіркедім, Зере. Жаңарып тұрса дейміз.

  37. Ote keremet

  38. kazaksha osyndai mazmyndy saittyn bolganyna ryzamyn…

  39. Блогыңыз өмірмен ұштасып жатыр. Махаббаты жырлаумен ерекшеленеді. Махаббат – өмірдің тірегі. Сондықтан мен де пікір білдіре отырып, махаббат туралы жазылған “Өкініш” деген өлеңімді
    блогыңызға енгізуді жөн көрдім.

    Өкініш

    Сен сездің де,
    Сезімсіз мені дедің де,
    Айналып менен бездің бе!?
    Дұрысы солай, қателеспедің,
    Мендегі түйсіксіз сезімге,
    Төзбес еді сендегі пәк сезім де.

    Білем, сыр бар еді,
    Тұңғиық қара көзіңде,
    Саз бар еді-ау,
    Күміс күлкі сөзіңде,
    Амал не,
    Адасқандай қаздай мен жүрмін.
    Аңғармай қалып кезінде.

    Түсіндім сені,
    Аққу болып айдынға қонған кезіңде,
    Ақ арман кетті сенімен,
    Мөлдіреген көзіңде,
    Бәлкім,
    Білген шығарсың өзің де.

    Жоқ, өкінбен,
    Шертілмей қалған сырыма,
    Келмейді жастық – сағым қуған жиырма,
    Кетсең де шалғай қиырға,
    Арқау болдың мәңгілік айтар жырыма.

    Боямаса көздің жасы өңірді,
    Жалт етіп ұшқан сол сезім,
    Жүректі өртеп,
    Мәңгілік мені кемірді,
    Жаңылысу дұрыс та шығар,
    Түсіну үшін өмірді.

    Даниял Қызырұлы.

  40. Даниял, керемет өлең! Блогқа жариялағаныңыз үшін рахмет! Мой мирдағы поэзияға арнаған қауымдастығымда жариялап қоямын.
    Үлкен рахмет!

  41. Рахмет. Мен үшін өлең жанның дауасы. Өлең – өмір. Өмір өлеңді өмірге әкеледі. Менде әртүрлі тақырыпта жазылған өлең көп. Махаббат жайлы да аз емес. Кітап шығару да ойымда бар. Мен үшін поэзия нағыз өмір. Осы блогтағы өлеңдерді үнемі оқитын едім. Себебі жаныма жақын тартатын да тұратын. Ал, өлең туралы айтсам, бұл менің ғаламторда жарияланған алғашқы өлеңім.
    Даниял Қызырұлы

  42. Даниял, егер сізде интернетке шығу мүмкіндігіңіз болса блог ашып, өлеңдеріңіз бен ішкі толғаныстарыңызды жазатын күнделік жүргізуге барлық мүмкіндік бар.
    Сізге творчестволық табыс тілеймін! :-) Дебютыңыз құтты болсын!

  43. Салем Акзере. Шынымен сиздин бурышыныздан коп нарсе окып-таныстык. Сырлы сезимге толы, терен магыналы казақ олендерине не жетеди дейсиз!!! Мен де поэзия десе, жаным нурланып, конилим котерилетин кыздардын биримин. бир олен калдырайын:
    Жанарымнан ғажайып сыр ұқтырып,
    Өрт сезімге өртене күйіп тұрып,
    Кездескенде, айта алмай бір жылы сөз.
    Сені өзімнен бездірем, сүйіп тұрып.
    Махаббатқа басымды иіп, көніп,
    Сағыныштан жүрсем де күйік көріп,
    Кездескенде мен саған қырсығамын.
    Қысыр сөздін барлығын үйіп төгіп.
    Көтере алмай сен оны шамданасың.
    Аңқаусың-ау, ештеме аңдамасым.
    Сезбеймісің, көңілім астаң-кестең.
    Сыздатасың, несіне жан жарасын,
    Әлде өзіңді құрбан қып, жылап ішің,
    Жүрегіңді намысыңа жығамысың,
    Мен қырсықсам, жаным-ау онда не тұр,
    Еркелігім ол менің ұғамысың?
    Уатылып жартасы, төзімдерім,
    Быт-шыт бұл күн, сырт бүтін, көзімде мұң.
    Кесел тауып ант атқыр мінезімнен,
    Жеп жүргенім жегідей өзімді-өзім.
    Түсініспей өтуде есіл өмір,
    Сырласатың күн қайда шешіле бір.
    Ңамысқа ұрып қайтесің, айналайын.
    Мықты болсаң,
    Сен барін кешіре біл!

  44. Өте жаксы блок екен…

  45. Блокта жаксы ой-пікірлер жинакталған екен.Рахмет!

  46. Ақын – Алла!
    Адам – ақынжанды ғана…
    Періште – бір кездері адамға табынған, Алланың құлы.
    Адам – пәктікті періштеге балайтын Алланың құлы.
    Махаббат – Алланың, мынау пәндәуй тірлікте жаратқан ең ұлық сезімі. Адам – сол ұлықтықты мойындай отыра, одан мақұрым қалған сорлы.

    Ипааать, мынаны мен жазып отырмын ба?!

    Зере, блогыңыздың атауының өзі нақұрысты пәлсапаға жетелесе, блогтың да сондай ойлар жетегіне алары сөзсіз. Қуаныштымын қысқасы, сенің келбет сұлулығыңмен, ішкі жандүниеңнің үндестік тапқанына көзім жеткеніне.

    Ал, қалған сопақбастар, Будданың сакуралы бұтағы жар болсын сендерге…

  47. Ой рахмет!!! :-) Бәрі тек сіздер үшін…

  48. Тосыннан…мына блогқа қонаққа келіп қалыппын… құдды бір басқа,рухани,таза әлемге тап болғандай күй кешудемін. Жарайсың,Ақзере!

  49. Рахмет! :-)

  50. Нақұрыс, өзіңе қарап ал. Будданың бұтағы өзіңе! Сопақбас өзің, нақұрыссс :)

  51. қарбаластан жайбарақаттыққа жетелейтін блог деп бағаладым. Өз ойым.

  52. Ақзере, сәлем! Есіміңізбен блогыңыздың мазмұны үндес екен. Құтты болсын! Оқып қуанып қалдым! Сапасы арта берсін! Тек қана, алға!!!

  53. Jaraisin

  54. Akzere, osi bloginizdan aripterdi ontaylandirudin jolin karap kordiniz be?

  55. блогты босқа ашпапсыз, Зере ханым. қызықты заттар көп кен ))) сәттілік әрі қарай да )))

  56. Блогым менің блогым….
    Электронды клоным.
    Тегін хостинг жақсы ғой,
    таусылмаса срогың!

  57. http://patick.wordpress.com/ меніңкі

  58. Салем Акзере, сиздин блогыныз, жалпы жеке бурышыныз маган катты унады, сезимге толы, журекти жылытар олендерин маган катты унады,Алла разы болсын!

  59. Иә, Ақзере!блогыңыз өте тамаша! Ішінде көптеген тақырыптар қамтылған

  60. Ақзере, блогыңды үнемі келіп көріп тұрсам да бір рет көзқарастарымды жазып, лебіз қалдырып көрмеппін! Мұрат Шайманарұлы деген ағамыздың бір өлеңін ұсынайын:

    Ақын өлімі

    …Солай болды маңдайда өмір – жазу,
    (Қандай қиын Ақынның көрін қазу)
    Шыр-пыр самғап кеудеңнен кетті бір құс,
    Қайрай-қайрай көз жұмдың өлімге азу.

    Енді сенің мекенің – басқа тұрақ,
    Кектенбейсің дұспанға,
    Доска жылап.
    Хордың қызын аймалап жатасың сен,
    Жап-жасыл бір жастықты жастанып ап.

    Сосын Бейіс көгінде самғап ұшып,
    Сазға ауысып,
    Ғаламат әнге ауысып,
    Сараң тірлік қолынан у жұтпайсың,
    Сары алтындай кесемен зәмзәм ішіп –

    Жүресің сен,
    Бақ қандай Хауыз қандай!
    Қиянатшыл қолдармен ауызданбай,
    Жүресің сен аласа адамдарға
    Қарыз бермей немесе қарызданбай.

    Бахи жолы – емес ол қап-қара түн,
    Ақиқат ол – Жұмаққа ап баратын.
    Жыр оқисың АЛЛАХ-тың алдында сен,
    Кеңістікте көлбеңдеп ақ қанатың.

    Ақық дүние бойына талай сіңген,
    Тәңір – көкке шашылған бояусың сен.
    Кебенектің ішінде кемді күнді
    Мәзір тұтқан біздерді аяйсың сен…

    Қидым, қидым мен сені,
    (жұрт кешіргей?!)
    Еншісіне еркектің бітпес үрей.
    …қыр басында қарайып молаң қалар,
    Өмір деген өлеңнің нүктесіндей…

  61. Рахмет, Мейіржан. Бірақ өлең біраз көңілсіз ғой. :(

Пікір жазу