“МузАрт”-тық жанкүйерлер үшін “МузАрт”-сыз өткен мереке…

Muzart

Сәлем, МузАРТ тобының жанкүйерлері! Барлықтарыңызды өткен мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Құттықтай отырып бүгін (6-шілде. Ақз.) МузАРТ-ты демалыс кундерi интернет, телефон арқылы іздеген жанкүйерлердің сауалына жауап жазуды ұйғардық.

«Фан-клуб группы МузАРТ» әлеміне, қауымдастық құрушыларға келіп түскен көптеген хаттар арқылы еліміздің түпкір-түпкіріндегі топ жанкүйерлері осы мереке кезінде Астанада болып, еліміздің астанасының туған күнін тойлап қайтқандары белгілі болды. Әрине, кім болмасын мереке кезінде жақсы көңіл-күй алу үшін басқа іс-шараларға қоса өзінің сүйіп тыңдап жүрген халық калаулыларының қатысатын концерті де болғанын қалайтыны осы хаттар мен қоңыраулардан белгілі болып отыр. Сондықтан мерекеге арналған бағдарламалардан сүйікті тобымыз «МузАРТ»-ты іздепсіздер. Кейбір хат иелері олардың сол күні қай жерде өнер көрсететінін сұрап жазған болса, енді біреулері неге сол күні оларды еш жерден көре алмағандарын жазыпты. Тіпті, кейбір жанкүйерлер фан-клуб мүшелеріне топтың қай жерде жүргенін біліп беруін өтініп телефон да соғып жатты.

Жалғасы…

Құны өмірге тең алмаз…

Біздің бейбітшілік өмірде өмір мен өлім арасындағы бақталастықты сезіну қиын шығар. Оқимыз, жұмыс істейміз, ақша табамыз, көп ақша тапсақ бриллиант, алмаз әшекейлерін алуға құмармыз. Өмірдегі болып жатқан проблемаларды ойлап, шешіп, қалғаны ас үй мен басқалардың өмірін өсектеуден ары аспаймыз. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс, қалғанын күнәһар етіп қоюға шеберміз.

Сіздерге “рекомендеуге” ұсынып отырған фильм 90-жылдардағы Африкадағы азаматтық соғыс жайлы сыр шертеді. Екіміздің біріміз Африканың қай құрлықта орналасқанын ғана білсек, ондағы азаматтық соғыс жайынан бейхабармыз ғой. Жалпы азаматтық соғыс дегеннің өзіне Қырғызстандағы болған жағдайларға дейін аса мән берген емеспін. Сосын барып, ойлансам, жаныңда жәй біреу төбелесіп жатса жүрегің аузыңа тығылып, тезірек бітуін, ешкім жарақатталмай тұрғанда бітсе екен деген ойда боласың, сол уақытта пульс минутына қаншама рет тарсылдап кетеді… Ал сіз ойлаңыз, өміріңіздің әрбір минуты осындай бақталаста өтеді. Кез келген уақытта сені біреулер келіп атып кетеді ме деген қорқыныш, жолдасың қайда, балаңа алаңдаушылық ойларда өтіп жатқан өмір…

Жалғасы…

R.I.P.

Қай бір жылдары біздің телеарналардан «Ва-Банк» корей сериалының көрсетілімінен кейін мына клип елімізде кең таралды. Әрбірінің ұялы телефондарында осы өлеңнің бейне клипі, мелодиясы бар болатын.

Жалғасы…

“Фанатиктер”. FIFA WORLD CUP-2010

world_cup_2010_brazil_fan2

Жалғасы…

Біздің ауылдың тұрғындары…

Қазіргі кезде біздің елдегі адамдардың мәдени-этикалық тұрмысы тіптен төмен деңгейде. Әрине, бәрі емес, бірақ көбінің. Кез-келген жерде ұрсысуға, айқайласуға, төбелесуге дайын тұрады. Әсіресе қоғамдық көлікте.

Жалпы қоғамдық көлік мәселесі үлкен тақырып. Күнде болмасын, бірақ аптасына бір рет көлікте келеңсіз жағдайларға ұшырасамын. Мысалы, дер кезінде ақшасын бермесе кондукторлар ұрсыса кетеді, немесе кондуктор ақшасын дер кезінде қайырмаса жолаушы ұрсыса кетеді. Алдыңғы уақытта осы дер кезінде берілмеген ақша үшін екі әйел тіпті төбелесіп те кетті. Аузына келгендерін айтып, добалдай жігіттер әрең ажыратты.

Әйтеуір барлығының жүйке жүйелері жұқарып кеткен ба, осы адамдарға не жетпейді деп ойлап кетесің. Аяғын абайсызда басып кетсең, «Көзіңе қарамайсың ба? Арырақ тұрмайсың ба? Немене итергілеп тұрсың?» деп бақыра жөнеледі. Жәй ғана, арырақ тұрасыз ба, деп кішкене өтіне сұрау деген жоқ, міндетті түрде айқайлау керек.

Жалғасы…

“Солтүстік Корея деген мемлекет жоқ!”

Бір ай бойы әлемнің теледидарға телмірген уақыты болып жатыр. Ерлердің табиғатынан қандай да бір жарыстарға бейім екені белгілі болса, онда футболдан жарыс өмірдің жарық белеңі іспеттес болып кететін сияқты.

Осы жылғы Әлем Чемпионатында азиаттардың белсенділігі байқалады. Жапония, Солт. Корея, Оңт. Корея мемлекеттері бізге түр жағынан қанша жақын болса, жер жағынан соншалықты алыс. Бірақ, недегенмен жаңашылдыққа құмар ел олардың ойынын тамашалаудан бас тартпасы анық. Соңғы матчта Оңт. Корея біраз жолдары болмай қалды. Ең қызығушылық тудырып отырған, әлем бойынша ең құпия ел болып саналатын Корей Халық Демократиялық Республикасы болса керек. Біз сияқты бүкіл әлем де КХДР тынысы мен футболы жайлы жақынырақ танысу үшін пресс-конференцияға сол елдің бас жаттықтырушысы Ким Йонг Хун шақырылып, әлемнің түкпірінен жиналған журналистер сұрақтар қойып, бір марқайып қаламыз деп жиналған екен. Сол пресс-конференциядан үзіндіні шет ел баспасөзінен ұсынып отырмын. Жалғасы…

Орын ұсынуға ұят…

Mothercare компаниясына жататын gurgle.com сайтында жасалған сауалнама бойынша жүкті әйелдердің 84 пайызы қоғамдық көлікте тұрып тұратындығын айтқан екен. Сондағы жүргізілген анықтама бойынша көптеген отырып бара жатқан жолаушылар тұрып тұрған әйелдің жүкті немесе жәй іші семіздіктен шығып тұрғанын анықтай алмайтындарын баяндайды. «Отырып» бара жатқан адамдар тұрып тұрған толық қызды ренжітіп аламын ба деп, отыра береді екен де, ал жүкті әйелдер тұруға мәжбүр болады екен.

Жалғасы…

Қызыл орамалды шынарым…

«Адамдар ессіз болып дүниеге келеді, Есалаң ғұмыр кешеді, Есті болғанда өмірден өтеді»
Асқар Сүлейменов

1256244336_top400.narod.ru228Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» (орыс тілінде «Тополек мой в красной косынке») повестін алғаш колледжде оқып жүргенде орыс әдебиеті мұғалімі біздің топқа оқып берген еді. 90 минуттың ішінде бізді баураған мұң мен сұрақ, өкініш пен нәзік романтиканың әсерінде аудиториядан шыққанымыз есімде. Біраз жылдар өткен соң сол повесть қайта есіме түсіп, бір күнде бас-аяғынан оқып шыққан едім. Повесть жәй ғана тіршілік, өмір жайлы болғанымен махаббат пен қимастықты, өмірде болатын қиындықтар мен өкінішті жете суреттейтін керемет шығарма.

Жалғасы…

«Бақытты билеттер»

Алдында бір жарнамалық билборд көріп едім, «Счастливый шоппинг» дегенді «Бақытты шопинг» деп аударыпты. Бір жағынан дұрыс шығар, бірақ мағынасы қисынсыз көрінді. Сіздер қалай ойлайсыздар? Бір түрлі шоппингтан ләззат алған адамның лозунгісіне ұқсамайтын сияқты.

Сол сияқты «Счастливый билет» дегенді қалай аудару керек екенін білмедім. Осындай «Бақытты билеттер» жайлы анам айтып еді, содан бері автобуста қолыма ұстатқан  билеттерге үңілетін болдым. Біздегі қалалық көліктерде кейбірінде ғана беріледі, соның бірі №63 автобуста. Осы 5 жылдың ішінде ол автобусқа күнде отырмаймын, сонда да кейде осындай билеттер қолыма түсіп қалады. Бұрынғы ұстап жүрген студенттік билетімнің қалтасына сала саламын. Алдында ақтарып отырсам, бірнеше «бақытты билеттер» бар екен. Оның бақыт әкелу-әкелмеуі екіталай нәрсе шығар, сонда да тастай салуға дәтім бармайды.

Image059

p.S. Билет бақытты болып саналады, егер алдыңғы үш санның қосындысы артқы үш санның қосындысына сәйкес келсе.

Құралай Омармен кездесу

Құралай Омар деген есім осыдан біраз жыл бұрын мен үшін ешқандай мағына бермейтін еді. Поэзияға жаным құштар болса да, қазақ поэзиясынан Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне ғана қызығушылық басым болатын. Сөйтіп жүргенде интернет беттерінен Құралайдың өлеңдеріне тап болдым. Дәл сол уақыттары, жүрегім алай-дүлей болып, дүниенің қара түнегі басымда салбырап тұрғандай кез болатын. Өлеңдерін оқып, осылай да адамдар жазады екен-ау, мына ақын менің көңілімді оқып қойды ма деген таңданыс болатын еді. Сол кездерде менің жанымды жаралаған күй тек менде ғана емес, махаббаттың азабын екінің бірі болмаса да, үштің бірі басынан кешіретініне көзім жетті.

Жалғасы…

Бет 2 / 27«12345»Келесі...Соңғы »